Петропавлда амал күніне орай «Теріскей» ансамблінің кезекті жеке концерті өтті. Бұл ансамбль 2017 жылы қалалық мәдениет үйінің жанынан құрылған. Репертуарларында 200-ден астам ән мен күй бар.


Фольклорлық этнографиялық ансамблге 15- ке жуық адам мүшелік етеді. Ансамбль мүшелері ұлттық музыкалық аспаптарда 200-ден астам шығарманы ойнайды. Көрісу күніне арналған мерекелік кештің шымылдығы шертпенің дарабозы Сүгірдің «Ыңғайтөк» күйімен ашылды.


ЖЕҢІС ҚАБДОЛБАРИЕВ, «ТЕРІСКЕЙ» ФОЛЬКЛОРЛЫҚ АНСАМБЛІНІҢ ЖЕТЕКШІСІ:

- Әртүрлі фестивальдарға қатысып тұрамыз. Аудан, ауылдарға шығамыз. Қоржынымызда 200-ден астам шығарма бар. Оның ішінде әндер, күйлер бар. Және шетелдік композиторлардың әуендерімен музыкаларын да орындаймыз.


Алдағы мерекелік күндерге де қалалық мәдениет үйінің дайындап жатқан жоспарлары ауқымды екен.


МҰХАМЕДӘЛІ ИСПАНОВ, ПЕТРОПАВЛ ҚАЛАЛЫҚ МӘДЕНИЕТ ҮЙІНІҢ КӨРКЕМДІК ЖЕТЕКШІСІ:

- Алда жоспарлар бойынша қаламыздың «Береке» , «Жұмысшы» ықшам аудандарының тұрғындарына меркекелік көңіл күй сыйлаймыз. Және де 21-22 наурыз күні, Ұлыстың Ұлы күніне арналған керемет мерекелік кешіміз бар. Соған үлкен іс-шара дайындап жатырмыз.


«Теріскей» фольклорлық ансамблі қала тұрғындары үшін 20-ДАН АСТАМ ән мен күй орындап, мәдени кешке келушілерге мерекелік көңіл-күй сыйлады.