Петропавлдағы Сәбит Мұқанов атындағы қазақ сазды-драма театрында «Жақсылыққа жаршы болған Наурыз» атты ертеңгілік өтті. Мерекелік іс-шара Петропавлдағы мектептердің бастауыш сынып оқушыларына арналған.


Театр ұжымы наурыздың 14-нен 23-не дейінгі аралықта балаларға 25 минутқа шақталған қойылым көрсетіп, кейін қазақтың ұлттық ойындарын ойнатады. Наурыз мейрамына орай әзірленген ертегінің режиссері Дәурен Тойбазаров. Мерекелік қойылымның премьерасына облыс орталығындағы мекетептерден 200-ге жуық кішкентай көрермен жиналды.


ДӘУРЕН ТОЙБАЗАРОВ, С. МҰҚАНОВ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ САЗДЫ-ДРАМА ТЕАТРЫНЫҢ КӨРКЕМДІК ЖЕТЕКШІСІ:

- «Бұл ертеңгіліктің мақсаты біз балаларға ұлттық құндылықтарыымызды дәріптеу мақсатында қазақша ертегі ойнату. Ол жерде қазақтың батыры Алпамыс батыр мен Гүлбаршынды қостық. Енді оқиғаның желісі бойынша наурыз мерекесіне мыстан кемпір қарсылық білдіріп, болдырмауына әрекет жасайды. Оған жол беумеу үшін Алпамыс батыр мыстан кемпірдің айласын жойып балаларға күн мен түннің теңелген уақытын көрсетеді».