Петропавлдағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде бағдарламалау бойынша "NisCodeOlympiad" олимпиадасы өтті. Оған екі кезеңде облыстың түкпір-түкпірінен 140-тан астам оқушы қатысты.
Петропавл қаласының Назарбаев Зияткерлік мектебінде осымен екінші жыл қатарынан бағдарламалау бойынша олимпиада өткізіліп келеді. Өткен жылы іс-шара алғаш рет ұйымдастырылып, оған облыс орталығының қатысты. Биыл қалалық және ауылдық білім ордаларынан 7-11 сыныптардан 140-тан астам оқушы қатысты.
Данияр Уәлиев, Петропавл қ. Назарбаев Зияткерлік мектебінің директоры:
- «Бұл шараның мақсаты – облысымыздағы бағдарламалау, ІТ саласына оқушыларды тарту болды. Бірінші кезеңuе 144 оқушы қатысса, облыстық кезеңге 62 бала өтті. Мұның қажеттілігі маңызды. Қазіргі уақытта барлық салада ІТ мамандар қажет. Сондықтан, балаларды мектеп қабырғасынан бастап осы салаға баулығымыз келеді. Алда осы олимпиадаға қатысушылардың саны тіптен артады деген сенімдемін».
Бірінші кезең - онлайн іріктеу турында әр қатысушыға бағдарламалауда өзінің нақты қабілеттерін байқауға мүмкіндік берілді. NIS мектебінде өткізілген екінші кезеңге 60-тан астам болашақ бағдарламашы мен ІТ мамандары қатысты. Олар компьютер алданда отырып, түрлі тапсырмаларды орындап, мәселелердің шешімін іздеді. Балаларға күрделілігі әр түрлі 5 тапсырма ұсынылды.
Кәмила Қасым, ҚАТЫСУШЫ:
«Бірінші рет қатысып отырмын. Осы жылдан бастап Яндекс академиясына жазылып, бағдарламалауды үйрене бастаған болатынмыз. Пәндерім де осы бағдарламалауға сәйкес. Сол себепті тапсырмалары қиын болған жоқ. Бұған дейін дайындалғанбыз. Барлығы жақсы ұйымдастырылған. Осындай іс-шаралар логикалық ойлауды үйретеді».
Дарын Бекболатов, ҚАТЫСУШЫ:
«Мен Лорд мектебінің 7-сыныбында оқимын. Бағдарламалаумен 2 жыл айналысып келемін. Маған аздап қиын болды. Олимпиадада үй туралы, интеллект туралы сұрақтар БОЛДЫ. Алдағы уақытта осы бағытта білімімді дамытқым келеді».
Олимпиада қорытындысы бойынша барлық қатысушылар сертификаттармен марапатталды, ал жүлдегерлер мен жеңімпаздар дипломдар мен іс-шараның демеушісі – "АКС" компаниясынан бағалы сыйлықтар алды.