22-23 ақпан аралығында Солтүстік Қазақстан кәсіптік-педагогикалық колледжінде Сүйіндік Бегалинді еске алуға арналған футзалдан 16-шы республикалық турнирдің ашылу салтанаты өтті. Бәсеке 9 команданың басын біріктірді. Оның 2-і Ресей Федерациясынан келген командалар.


Педагогика ғылымдарының кандидаты Сүйіндік Қазиқанұлы Бегалиннің өмірден озғанына 16 жыл. Ол Солтүстік Қазақстан кәсіптік-педагогикалық колледжін 10 жылдам астам уақыт басқарған. Сол уақыттарда спорт саласына көп көңіл бөліп, дамытқан. Өз ісінің білікті маманы ретінде әріптестерінің есінде қалды. Бүгінде футзалдан республикалық турнирдың ашылу салтанатына Сүйіндік Қазиханұлының жақындары мен достары да жиналды. Сүйіндік Бегалиннің жары Нұргүл Аукенқызы ұйымдастырушылар мен қатысушыларға өз алғысын білдірді.


 НҰРГҮЛ БЕГАЛИНА, СҮЙІНДІК БЕГАЛИННІҢ ЖҰБАЙЫ:

-  «Біз отбасымызбен келдік.Өте ризамыз. Мінекей 16-шы рет осы колледж қабырғасында еске алу турнирі өтіп жатыр. Ұйымдастырушыларға және қатысушыларға, колледж директорына отбасымның атынан алғыс айтамын. Жылда осылай еске алып отырады. Жолдасым Сүйіндік Қазиқанұлы осы колледжді 10 жылдан артық басқарды. Ол кісі өте еңбекқор білімге деген құштарлығы мол азамат болды».


 Ашылу салтанаты аяқталып, турнир басталды. Алғаш болып Солтүстік Қазақстан кәсіптік-педагогикалық колледжі мен Солтүстік Қазақстан университеті колледжінің студенттері сынға түсті. Екі команда да осал емес. Бір-бірінің қақпасына қайт- қайта гол соғып, 13:1 есебімен Солтүстік Қазақстан кәсіптік-педагогикалық колледжді алға шықты.


ЕРАЛЫ ҚАЙЫРНАСОВ, СҚ КӘСІПТІК-ПЕДАГОГИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖДІҢ СТУДЕНТІ:

-  «Футболға қатысқаныма 10 жыл болды. Осы 10 жылдың ішінде қалалық және облыстық жарыстардың жүлдегері болдым. Бүгінгі жарысқа 2 айдың көлемінде дайындалдық. Сондықтан 1 ші орын үшін ғана ойнаймыз. Осы республикалық турнирде біздің колледж тек бас жүлдеге ие болып жүр».


Иван Вставский Ресей Федерациясынан келген команда құрамында өнер көрсетеді. Жарыстан олжамен оралуға бар күш жігерлерін салмақ.


ИВАН ВСТАВСКИЙ, ТУРНИРГЕ ҚАТЫСУШЫ, РФ ОМБЫ ҚАЛАСЫ:

«Қазақстанға бірінші рет келіп тұрмын. Қала қатты ұнады адамдары қонақжай. Ал турнирге біраз дайындалдық. Алыстан келгеннен соң елге жеңіспен оралғымыз келеді»


Турнир 23 ақпан аяқталады. Жүлдегерлерге кубок пен сыйлықтар бар. Сондай-ақ спортшылар «үздік қақпашы», «үздік шабуылшы», деген бірнеше номинациялар бойынша марапатталады.