Облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов Сенатта өткен Үкімет сағатынДА өңірдегі демографиялық жағдайды жақсарту және өзекті мәселелерді шешу бойынша өз ұсыныстарын айтты. Өңір басшысы өңірдің отбасыларына жаңа туған және бала күтімінің біржолғы жәрдемақысын және көп балалы отбасыларға берілетін ай сайынғы жәрдемақыны 2 есеге өсіруді, жұмыс берушілерге еңбекпен қамтылған әрбір жұмыссыз үшін 2 жыл бойы 30 АЕК субсидия төлеудің жаңа механизмін енгізуді ұсынды.


Сонымен қатар, облыс әкімінің пікірінше, ерікті қоныс аудару аясында экономикалық ұтқырлық сертификатын 1625 АЕК-ке дейін ұлғайту керек. Облысішілік қоныстандыру аясында «Еңбек» бағдарламасы бойынша тұрғын үйлерге көшуге құқығы бар тұлғалар санатын арттыру, оларға экономикалық ұтқырлық куәліктерін беруді қамтамасыз етуді және аймақтық бағдарламаны «Отбасы Банкі» арқылы республикалық бюджеттен қоса қаржыландыруды ұсынды. Сондай-ақ өңір басшысы облысты газдандырудың маңыздылығын да атап өтті.Ғауез Нұрмұхамбетовтың сөзінше, бұл шаралар солтүстікқазақстандықтардың әл-ауқатын жақсартып, тұрғындардың кірісін көбейтіп, демографиялық ахуалға оң әсерін тигізеді.