Тайынша ауданының әкімінен бюджетке 74 мың теңгеге жуық қаражат өндіріліп алынды. Лауазымды тұлға облыстық мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының талабын белгіленген мерзімде орындамаған.


 Тайынша ауданында ер адам жергілікті аудандық әкімдіктің хаттамалық шешімінің күшін жою туралы талап арыз берген. Аудан әкімі 3 қаңтарға дейін талап-арызға қатысты уәжделген ұстанымын көрсетіп, жазбаша жауап беруі тиіс болған. Бірқ ол сотқа талап арызға жауап ұсынбауының дәлелді себептерін түсіндіре алмаған. Сондықтан оған 20 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде өндіріп алу жазасы қолданылды. Сот ұйғарымы заңды күшіне енді.