Петропавлда қалалық әкімдік «Ашық есік» күнін өткізді. Кездесу С.Мұқанов атындағы облыстық кітапханада ұйымдастырылды. Қала әкімі Серік Мұхамедиев пен мемлекеттік орган басшылары тұрғындармен кездесу өткізді. Шағымдарын айтуға келгендердің басым көпшілігі - бір орыннан жылжымай тұрған баспана кезегі жайлы айтты.
Петропавл әкімі Серік Мұхамедиевке ең бірінші Хамит Биманов өз шағымын айтып кірді. Ол бүгін 2 мәселе бойынша келген екен. Айтуынша, баспанасы сүруге кетпек және отбасының мүліктік құқығы жоқ, сондықтан мүддесін қорғау үшін көмек сұрамақ. Екіншісі - жер мәселесі.
ХАМИТ БИМАНОВ, ПЕТРОПАВЛ ТҰРҒЫНЫ:
- «Жер сатып алу 10 жыл жалда болды. Енді постанавление әкімде жатыр 1 ай. Мен бірдеңе айтып әкімге команда бере алмаймын. Сосын әкімге приемға келем дедім. Бүгін келдім. Әкімнің ниеті дұрыс таза. Енді мәселені шешуге команда берді».
Петропавл әкімі 2 мәселені де шешу үшін тиісті мекеме басшыларына тапсырма берді.
СЕРІК МҰХАМЕДИЕВ, ПЕТРОПАВЛ ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМІ:
- «Қарастырамыз. Заң бойынша барлығын істейміз. Дүйсенбі күні маған келіңіз.»
15 жыл бұрын үй аламын деп кезекке тұрған Теңдік Мұхаметжанова да қала әкімінен көмек сұрап келген. Ол асыраушысынан айырылған жалғызілікті ана ретінде кезекке тұрған. Қазыр 462 орында тұр.
СЕРІК МҰХАМЕДИЕВ, ПЕТРОПАВЛ ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМІ:
- Осы жыл біткеннен кейін келесі жылы сіз кезекте 17ші боласыз. Биыл тек белгіленге пәтерлер берілетін болады.
Кездесуге Петропавлдың 30 дан астам тұрғыны шағымдарын айту үшін жиналды. Іс-шара 2 сағаттан асстам уақытқа созылды.