Петропавлда ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі өтті. Елді мекен тұрғындары мен өңірдің іргелі кәсіпорындарының өкілдері облыс орталығына ет, сүт, шұжық, жұмыртқа мен бал өнімдерін әкелді. Іс-шараға облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов те қатысып, тауардың сапасы мен бағасын тексерді.


Кезекті ауылшаруашылық жәрмеңкесі алтын арман, дәрия және комуналдық базарда өтті. Жәрмеңкеде ет, май, сүт және макарон өнімдері, жеміс-жидек пен көкеніс сатып алуға болады. Ауылдың сапалы табиғи өнімі қолжетімді бағада саудалануда. Құны нарықтағы бағадан 15-20 пайызға арзан болуы тиіс. Арзан бағадағы азық-түлікті алу үшін таңертеңнен бастап алаңға жиналғандардың қарасы қалың болды.


-  «Сүт алдым, ірімшік алдым. Бәрі бағасы онды. Алуға болады, келуге болады.  жақсы, свежий бәрі.»

-  «Жұмыртқа алдым, май алдым, сүт алдым. Жарайды бағалары, жаман емес. Ені ылғи осындай болып тұрса жарайды.»

-  «Цены здесь всегда приемлемые. Сюда всегда можно прийти и купить по нормальной цене. Поэтому я каждый раз посещаю эту ярмарку. Продукты все свежие, претензий никаких нет.

-  «Молоко купили, сметану купили, баранину, цены нас устраивают».


 36 жастағы Роман Шнайдер Аққайын ауданындағы «Северный бройлер» құс фабрикасының өнімдерін ұсынды. Сатушы құс өнімдерін алып келген. Сөзінше тұрғындар тарапынан тауарға деген сұраныс жоғары.


РОМАН ШНАЙДЕР, САТУШЫ:

-  «Тауыққа қатыстының барлығы бар. Жамбас, қанаттар, кеуде, ветчина, қаңқаның өзі, сорпа жиынтығы, бұқтырылған тағам, бауыр, қарыншалар, жүрек барлығын таба аласыз. Біздің тауарымызды тұрғындар жақсы көреді. Сұраныс жоғары. Таңертеннен бастап сұрап, қызығушылық танытқандар көп.»


Қызылжар ауданының өнімдері ерекше сұранысқа ие болғанын байқауға болады. Себебі олардың халыққа ұсынған тауарлары аз уақыттың ішінде сатылып кетті. Сатушы Флюра Клюева «Айқұс» ЖШС-де 10 жылдан астам уақыт қызмет атқарады. Бүгінгі жәрмеңкеде әлеуметтік маңызы бар жұмыртқа өнімін сатты.


 ФЛЮРА КЛЮЕВА, САТУШЫ:

-  «Бүгінгі жәрмеңкеге 7 мыңнан артық жұмыртқа әкелдік. 3600 бірінші санатты жұмыртқа және қалған 36000 жұмыртқа 2 санатты. Бірінші санат 48 теңге, ал екінші санаты 45 теңгеден сатылды. Бұл жәрмеңкеге ай сайын қатысамыз. Біздің тауарды халықтың көбі біледі, сондықтан сраныс өте жоғары. Таңертеннен бастап үлкен кезекке тұрып алып жатады.»


 Сенбілік жәрмеңкені облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов те аралап көрді. Аймақ басшысы ұсынылған өнімнің сапасы мен бағасын тексерді.


ҒАУЕЗ НҰРМҰХАМБЕТОВ, СҚО ӘКІМІ:

-  «Сколько привезли? Много было, да? Ну хорошо. Ну это все продали, все что привезли продали, это остатки, да? С утра люди приходят? Такая дружная команда продавцев. Цены как? Вот эти все цены придерживаете?»


 Облыста тауар бағасын ұстап тұру үшін сауда желілерімен ынтымақтастық туралы меморандумдар жасалған. Жауапты мамандардың айтуынша, бағаны негіссіз көтерген 20 бұзушылық анықталыпты.


ҚАНАТ ШАМСУТДИНОВ, СҚО КӘСІПКЕРЛІК ЖӘНЕ ИНДУСТРИЯЛЫҚ-ИННОВАЦИЯЛЫҚ ДАМУ БАСҚАРМАСЫ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

- "Облыста бағаны ұстап тұру мақсатында "Солтүстік" әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы жанынан тұрақтандыру қоры құрылды. Қор шикізатты сатып алу және одан әрі қайта өңдеу, сауда желілеріне, жергілікті тауар өндірушілерге арзандатылған бағамен сатады. Бізде әлеуметтік маңызы бар тауарлардың 19 атауы бар, олардың 15-і біздің облыста өндіріледі. Тек күріш, күнбағыс майы, қант және тұз өндірілмейді. Бұл тікелей қазақстандық өндіруші зауыттардан сатып алынады".


Бұл жолғы ауылшаруашылық жәрмеңкесіне 6 аудан қатысты. Оның ішінде Аққайын, Қызылжар, Шалақын, Тайынша мен Айыртау және Мағжан Жұмабаев ауданы бар. Облыстық ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасының басшысы мұндай жәрмеңкелер тауар өндірушілерге өз өнімдерін жариялауға және тұрғындарды сапалы азық-түлікпен қамтамасыз етуге септігін тигізеді дейді.


МЕЙРАМ МЕҢДІБАЕВ, СҚО АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ЖӘНЕ ЖЕР ҚАТЫНАСТАРЫ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ:

-  «Осы жәрмеңкеге біздің мына аудандардан әкелінген заттар әкелініп жатыр. Бұл ет, сиыр еті, қой, шошқа және құс еттері, сосын картоп, сүт өнімі, бал өнімері, көкеніс.  Осы жәрмеңкеге аудандардан жалпы 6 тоннадан астам өнім әкелінді. Сомасы 8 млн 300 мың теңге.»


 Биыл тек 1 айдың ішінде тоғыз ауылшаруашылық жәрмеңкесі өткізілген. Онда 20 млн-ға жуық қаржының өнімі сатылған. Өткен жылы Петропавл қаласы бойынша 133, ал жалпы облыс бойынша 303 жәрмеңке ұйымдастырылған. Айта кетейік, өңір басшысының тапсырмасы бойынша мұндай жәрмеңке әр апта сайын өткізіледі.