Дүниежүзілік қатерлі ісікке қарсы күрес күні
Солтүстік Қазақстан онкологиялық диспансерінде Халықаралық қатерлі ісікке қарсы күрес күніне арналған баспасөз мәслихаты өтті.
2023 жылдың соңына дейін облыста қатерлі ісікке шалдыққан 1848 науқас анықталды. Дәрігерлердің басты міндеті – қатерлі ісік дертін анықтап, асқынбай тұрып емдеу. Осы мақсатта тұрғындарға скринингтік тексерулер жүргізілетін болады. Петропавлдағы 18 медициналық ұйымда 17 стационарлық, 2 жылжымалы маммограф бар . Айта кетейік бүгінде қатерлі ісіктен болатын өлім-жітім 8,2%-ға төмендеген.
ОЛЕГ ДУДЯК, КӨПБЕЙІНДІ ОБЛЫСТЫҚ АУРУХАНАНЫҢ ОНКОЛОГИЯЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫ БАС ДИРЕКТОРЫНЫҢ УАҚЫТША МІНДЕТІН АТҚАРУШЫ:
- Қатерлі ісікті анықтау бізде пандемияға дейінгі көрсеткішке жақындады. Тұрғындар емханаға тексерілуге қорықпай келеді. Инфекция жұқтыру қаупі басылған. Статистикаға сүйенсек, 2022 жылмен салыстырғанда, былтыр адамдар 5,3%-ға артық келіп, қаралған. Бұл жақсы, өйткені, обырды ерте сатысында анықтауға мүмкіндік береді. Ал ерте анықталған қатерлі ісікті емдеп жазу мүмкіндігі жоғары.