Облыстық полиция департаменті құрамындағы әкімшілік полиция басқармасы жергілікті атқарушы органдармен және облыстық маңыздағы жолдарды күтіп ұстауға жауапты мердігер ұйымдармен кезекті кездесу өткізді. Жиынға бейнеконференциялық байланыс режимінде аудандық полиция бөлімдері қатысты. Кездесуде жол үстіне шашылатын материал мен ауыр техника жетіспей қалған жағдайда қарастырылған резервтер, ауа-райының нашарлауы кезіндегі өзара іс-қимыл тәртібі талқыланды. Көбінесе барлық бағыттағы жолдарды жабу тәжірибесін кеңінен қолдану туралы шешім қабылданды. Боранды күні арнайы техниканы жоспарлы түрде жолдарды тазалаудың орнына қарда батып қалған көліктерді шығаруға жіберуге тура келеді. Аудандық полиция бөлімдеріне жол апаттары туындауы мүмкін қауіпті учаскелерде жылдамдықты уақытша төмендету және қар тазалау жұмыстарын тұрақты бақылауға алу туралы тапсырма берілді.


 Назар Байматов, СҚО ПД Әкімшілік полиция басқармасының бөлім бастығы:

- Жыл басынан әкімшілік полиция басқармасының жол-техникалық инспекциясы қызметкерлері жол-коммуналдық органдарының өкілдерімен бірлесіп 241 тексеру жүргізді. Автомобиль жолдарының және көше-жол желісінің 2,5 мың шақырымы қамтылды. Жол қозғалысының қауіпсіздігіне теріс әсер ететін 348 кемшілік анықталды.