С. Мұқанов атындағы қазақ сазды-драма театрында режиссер Әлібек Өмірбекұлы қойған «12 минут немесе Треплев ертегісі» спектаклінің тұсаукесері өтті. Режиссер бұл спекталді сахналау үшін 4 жыл ізденген. 12 минут қойылымында қазақ театрының 17 актері ойнады.
АСНУРИЯ АБДУЛА- ТІЛШІ:
- Облыстық қазақ сазды- драма театрында- жаңа премьера. «12 минут» спектаклі – Антон Чеховтің «Шағала» пьесасының желісінен алынған. Шығарманың қоюшы режиссері – Әлібек Өмірбекұлы. Әртістер бұл қойылымды қоюға 4 айға жуық уақыт дайындалған екен.
12 минут спектаклі – театр өнерінің негізін қалаған Жұмат Шанин жайында. Бұл спектакльді қоюдағы режиссердің негізгі мақсаты- қазақ зиялыларының қилы тағдырынан сыр шерту.Әлібек Өмірбекұлы бұл тарихи қойылымды көрерменге ұсынбас бұрын архивті қопарып, тынымсыз ізденген.
ӘЛІБЕК ӨМІРБЕКҰЛЫ, РЕЖИССЕР:
- Треплев біздің алғашқы режиссер Жұмат Шанин туралы спектакль қояды. Жұмат Шанин 1934 жылы Сталинның шақыртуы бойынша Мәскеуге декадаға барады. Сол кезде « Қыз Жібек» спектаклін апарған кезде 12 минутқа кешігеді. Бірақ, қазақ зиялыларын сол кезде Сталинді өлтірмекші болғандықтан кешікті деп жала жабады. Сосын Жұмат Шаниндер Қазақстанға келгеннен кейін ату жазасына кесіледі.
Ресейге Жұмат Шанинмен бірге Иса Байзақов, Әміре Қашаубаев және қазақтың тұңғыш актрисасы, Жұмат Шаниннің әйелі Жанбике Шанина барады. Мәскеуге жетуге 1 күн қалғанда пойызда Жұмат пен Жанбикенің 6 айлық баласы Аянға суық тиіп, шетінеп кетеді. «Жұматқа әріптестері баланы арулап жерлейік. Елге оралайық»- дейді. Бірақ, Жұмат бұдан бас тартып, баласының өлі денесін спектаклді қойып біткенше өздерімен бірге алып жүреді.Себебі, бұл – қазақ өнерінің Мәскеудегі тұңғыш концерті еді. Солайша, өнер иелері Ресейге 12 минутқа кешігіп барады. Бірақ, қазақтың зиялыларына осы 12 минутқа кешіккені үшін жазықсыз жала жабылып, ату жазасына кесілді.
ЖӘМІЛ ҚАЙРАТҰЛЫ, ТЕАТР СЫНШЫСЫ:
- Жұмат Шаниннің өмірі үлкен қиыншылықтардан тұрады. Біздің ұлы бабамызды өлтіреді де, денесін қапқа салып ит секілді қылып лақтырады. Біз бұған қарсымыз. Себебі, ұлы адамдар олай өлмеуі керек. Ұлы адамдарды біз спектаклде өзгеше жерлейміз.Біз қойылым арқылы осы ұлы адамдардың даңқын Қазақстанға, шартарапқа таратамыз деген ойдамын.
12 минут спектаклінң жанры – комедия-трагедия. Әртістер халықты күлдіріп отырып, жылатты. Қойылым үш сағат жүреді. Сондай-ақ ол Қазақ сазды-драма театрында дайындық барысы ең ұзақ болған туынды ретінде де есте қалмақ.
ЖӘМІЛ ҚАЙРАТҰЛЫ, ТЕАТР СЫНШЫСЫ:
- Репетиция уақыты 3 бөлікке бөлінді. Біріншісінде Әлібек Өмірбекұлы актерлік мектепті басынан бастап тағы үйретті. Екіншісінде, Чеховтің «Шағала» пьсесасына талдама жасадық. Үшіншісінде , сахнаға шығып, дкорациямен дайындалық. Репетиция өте ауыр жүрді. Актерлердың қиналғандарын күнде көрдік. Олар 2 сағат бұрын жылап отырған. Енді қазір олар сахнаға шығып көрерменді күлдіртуі керек.
12 минут қойлымы С.Мұқанов атындағы қазақ-сазды драма театрының репертуарына кірді. Петропавл тұрғындары мен қонақтары спектакльді 2 ақпан күні де тамашалай алады.