Жыл басынан бері облыста қызылшаның расталған 107 жағдайы тіркелді, Ауырғандардың көбі Петропавл қаласынан.


Қызылша жұқтырғандардың басым бөлігі 15 жастан асқандар. Ал жалпы қызылша тарала басталғалы, яғни былтырдан бері 14 жасқа дейінгі 148 бала ауырған.

Облыста қызылшаға қарсы қосымша жаппай иммундау барысында 19 265 адам екпе алған. Мамандар, өңірде қызылша ауруына байланысты жағдай әлі де тұрақталмағанын ескертеді. Қызылша - ауа тамшылары арқылы берілетін қауіпті инфекция. Сол себепті, мамандар аурудың алдын алудың сенімді және тиімді әдісі ол вакцинация екенін еске салады. Өңір тұрғындарына вакцинация тұрғылықты жері бойынша емханаларда жүргізіледі. Және екпе алу бойынша қосымша ақпаратты EGU.kz сайтынан немесе 7701 жедел желісі бойынша алуға болады.