Жастық шақта адам өзінің болашағының негізін қалайды. Алайда, "жеңіл ақшаға" құмарлар өмірін қор етіп, бірнеше жылын темір тордың ар жағында өткізуі мүмкін. Профилактикалық акция барысында полицейлер Петропавл машина жасау және көлік колледжінің оқушыларымен кездесіп, есірткі бизнесінің зардаптары туралы еске салды.


- Пример привели про студента-первокурсника. Его осудят в 17 лет, и выйдет он из мест лишения свободы 30-летним. Время, когда можно строить семью, заводить детей, карьеру строить, он проведёт в местах лишения свободы.


Еріктілермен бірге полиция қызметкерлері колледж жатақханасына барды. Мақсат - жастарға есірткіні таратқаны үшін заңмен қарастырылған қатаң жауапкершілік туралы айту.


 Жангелді Әпенов, Петропавл қ. ПБ есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл бөлімінің бастығы:

- Есірткі мен нашақорлық проблемасы және осыған қатысты сұрақтар бойынша жасырын түрде байланысуға болатын тәулік бойы жұмыс істейтін байланыс және сенім телефоны бар. Біз жастарды есірткі заттарының заңсыз айналымы үшін қылмыстық жауапкершіліктің қатаңдатылғанын ескертеміз. Әр қабатқа бот жедел хат, QR-кодтар жапсырылды.

 

"Нарко хелп" телеграм-боты есірткіні қолдану белгілері, оларды қолданғаны үшін қылмыстық жауаптылық туралы ақпарат алуға, есірткі құқық бұзушылықтар туралы хабарлама қалдыруға мүмкіндік береді. Бот "Қазақстанның болашағы үшін" қоғамдық студенттік бірлестігінің көмегімен құрылды. Оның авторларының бірі, бірлестік төрағасы Рүстем Арманов профилактикалық акцияға қатысты.


 Рүстем Арманов, "Қазақстанның болашағы үшін" қоғамдық студенттік бірлестігінің төрағасы:

- Бұл телеграм-боттың басты идеясы - ол тек қана адамдардың анонимді түрде өтініштерін алу ғана емес, сонымен қатар Петропавл қ. аумағының толықтай картасын зерттеу және де камералары жоқ жерлерді анықтау, кейін оны тиісті органдарға ұсыныс ретіндеу баяндау мақсатында жасалып, ашылған болатын.


Бот қазан айында іске қосылды, оған 27 хабарлама келіп түсті, негізінен есірткі тарату немесе "есірткі курьерлерін" жалдау бойынша веб — ресурстар туралы. Екі хабарлама дистрибьюторлардың қызметіне қатысты болды. Біреуі тексерілуде, екіншісі бойынша күдіктіні ұстау жүргізілді.