Петропавлдағы «Береке» шағын ауданында 6 жалдамалы-коммуналдық үй қолданысқа берілді. Жаңа үйге қоныстанушылардың қатарында баспана кезегінде тұрған аз қамтылған отбасылар да бар. Облыс әкімі Ғауез Нұрмахамбетов пәтер кілтін табыстау салтанатына арнайы қатысып, қоныс той иелерін қуаныштарымен құттықтады.


 Бұл күні көп балалы отбасылар, жетімдер, мүгедектер және толық емес жанұялар да көптен бері армандаған үйіне қол жеткізді. Өңір басшысы Ғауез Нұрмұхамбетов баспана кезегінде тұрған отбасыларға жаңа пәтердің кілтін табыстап, оларды қуаныштарымен құттықтады.


 ҒАУЕЗ НҰРМҰХАМБЕТОВ, СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ:

– «Береке» шағын ауданында 6 жалдамалы-коммуналдық үй қолданысқа беріліп отыр. 600 отбасы қоныс тойын атап өтеді. Бұл көп балалы отбасылар, жетімдер, мүгедектер және толық емес жанұялар. Халықты тұрғын үймен қамтамасыз ету – мемлекеттік саясаттың басым бағыттарының бірі. Тұрғындарға баспана қолжетімді болуы керек. Бұл – президентіміз Қасымжомарт Тоқаев Кемелұлының тапсырмасы. Облыста бұл бағытта кешенді жұмыстар атқарылуда.


Баспаналы болған отбасылардың бірі – Кенжетаевтар шаңырағы. Өңір басшысы жаңа пәтердің иелерін де құттықтап, олармен кездесті.Ерлі-зайыптының 6 баласы бар, олар 4 жыл бойы үй кезегінде тұрған.


ГҮЛНАЗ КЕНЖЕТАЕВА, ПЕТРОПАВЛ ТҰРҒЫНЫ:

Бізге кеше хабарласқанда, қуанып кеттік. Балалар да қуанып жатыр. 3 бөлмелік пәтер берді. Өзімізге ыңғайлы. Әдемі жылы, бөлмелер үлкен әрі кең.


 Ал тұрғындарға ыңғайлы болу үшін «Береке» шағын ауданында 2 мектеп және балабақша, сондай-ақ спорт кешені салынып жатыр. Жақын арада емхана ашылмақ. Жалпы жыл соңына дейін Петропавлда тағы 22 көпқабатты үй қолданысқа беріліп, 2 мыңнан астам отбасы баспаналы болмақ.


Толғанай Бейсенбаева