Астықты өңір диқандары көктем-жаз бойы тынымсыз еңбектеніп, шыққан өнімді қамбаға құйып алды. Қазір шаруашылықтар тұрғындар алдындағы міндеттемелерін өтеп жатыр. Кейбірі халыққа пайларын беріп те қойды. Солардың бірі Аққайың ауданындағы шаруашылықтар. Тұрғындардың пайдың мөлшері мен сапасына көңілі тола ма? Тілші толықтырсын


Аққайын ауданының Тоқшын ауылдық округінде 2 мыңнан астам адам тұрады. Тұрғындардың басым көпшілігінің қорасында малы бар. Сондықтан олар үшін пайдың маңызы жоғары. Николай Ващенко Тоқшын ауылында жарты ғасырға жуық уақыт тұрады. Тиесілі пайын жылда астық түрінде алады.


 НИКОЛАЙ ВАЩЕНКО, ТОҚШЫН АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

-  Мен туғаннан бастап осы ауылда тұрамын.Менде 6 пай бар. Әрқайсысына 700 келі астық беріледі маған. Өте ризамын. Жергілікті кәсіпкерлерде жақсы көмектеседі. Мектепке де, су мәселесін де де , жалпы ауыл жағдайына бей-жәй қарамайды.


Көптеген ауыл тұрғындары үшін шаруашылық беретін пай қосымша емес, негізгі кіріс болып табылады.


ВЛАДИМИР МОХ, ТОҚШЫН АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

- Менің пайларым Виктор Мамаевта. Мен оған 12 жыл бұрын бергенмін. Сол уақыттан бері ешқандай мәселе туындаған жоқ.Ол орақ науқаны басталғаннан бірден пайларды тарата бастайды. Бір пайға 1 тонна 50 килограмм беріледі. Менің отбасымда мен, әйелім және екі балам бар. 4 адамға 4 пай. 1996 жылдан бастап қазірге дейін Мамаевта пайлармен ешқашан күрделі мәселе болған емес".


Тоқшын ауылындағы дәрігерлік амбулаторияға бірнеше жыл бұрын 28 млн теңгеге күрделі жөндеу жасалған. Медициналық мекеме қызметкерлерінің арасында жас мамандар да да бар. Ольга Олейник Тқшын ауылында 2001 жылдан бері тұрады.


 ОЛЬГА ОЛЕЙНИК, ФЕЛЬДШЕР:

- Біздің отбасымызда пай төлемдерін тек мен аламын. Менді 1 пай. Ол Қасқырбаевта. Төлемге қатысты ешқандай мәселе жоқ. Жылда 1 тонна астық беріледі. Бұл ауылда астықты көп мөлшерде беретін осы Қасқырбаев қана.


Соңғы жылдары жергілікті мектепте оқушы саны өскен, қазір мұнда 274 оқушы білім алып жатыр.


Наталья Ковалева, Тоқшын ауылының тұрғыны:

- "Мен "Крафт-АГРО" ЖШС-нен пай аламын. Соңғы 2 жыл ішінде жағдай жақсарды. Яғни, біз қолымызға таза, сапалы астық аламыз. Өткен жылы біз 1 пайға 700 килограмм арпа алдық. Менде 4 пай бар. Бұл қорадағы малға артығымен жетті. Биыл біз астық қоспасын алдық, ол да жаман емес, құрғақ. Оны кез-келген мал, шошқа, ірі қара және құс жей береді".


Любовь Бокарева, Тоқшын ауылының тұрғыны:

-  "Мен бұлш ауылда 2000 жылдан бері тұрамын. Пайды Қаир Рахимұлы Қасқырбаевтан аламын. Менде 3 адам үшін аламын. Уақывтында береді, сапасы жақсы, көңілімнен шығады. ".


Сәуле Омарова, Тоқшын ауылының тұрғыны:

- "Мен жылда 4 пай аламын, биыл 800 келіден берді. Ризамыз, жыл сайын құрғақ ауа-райында олар бізге әкеліп береді".


Жергілікті шаруа қожалықтарының жұмысын ауылдық округ әкімі де жоғары бағалады. Ол бұл қызметте 2012 жылдан бері еңбек етеді. Айтуынша, бұл ауылдық округте үш ірі жауапкершілігі шектеулі серіктестік бар.

Боранбай Имантаев, Тоқшын ауылдық округінің әкімі


 "Бұл "Крафт - АГРО" ЖШС, "Мадина-АГРО" ЖШС және "Токуши Grain" ЖШС, сондай-ақ 3 фермерлік және 6 шаруа қожалығы бар. Шынында да кейбір жылдары мәселе болды, бізде пайларды алған өнімге байланысты, яғни жинаған өнімнің 5% ғана беретін. Бүгінгі таңда шығымдылыққа қарамайды, уақытында береді. Бізде "Көк бөры" шаруа қожалығы пайға 1 мың килограмм, "Лидер" ФҚ 1050 килограмм, "Токуши Grain" ЖШС және "Мадина –АГРО" ЖШС пайға 700 килограмнан береді".


Әкімнің айтуынша, бұрын мәселе болғанымен, қазір олар шешімін тапқан. Арнайы келісімдер жасалды, онда шаруа қожалықтарының міндеттемелері көрсетілген.

Боранбай Имантаев, Тоқшын ауылдық округінің әкімі


 "Келісім мерзімі осы жерлерді жалға алу уақыты аяқталғанға дейін жарамды. Сондықтан, біз тұрғындармен және "Крафт –АГРО" ЖШС басшыларымен бірнеше рет кездесу өткіздік, осының бәрін талқыладық, қазіргі уақытта бізде пайға қатысты проблема жоқ. Олар әрқашан әлеуметтік мәселелерде көмектеседі. Өздеріңіз білесіздер, жақында бораннан кейін электр энергиясы, сумен проблема болды. Осы шаруашылықтар, олардың қызметкерлері мен басшылары апаттың салдарын жоюға көмектесті".


Тиісті пайдың уақытында берілуі де халықтың елді мекенде өалуының бір факторы. Сонымен қатар, соңғы 2 жылда бұл ауылға 15 отбасы көшіп келген.