Петропавлда келер жылы облыс спортшыларының жеке заттары қойылған музей ашылуы мүмкін. Бұл бастаманы облыстық күрес федерациясының президенті – Бауыржан Құлжанов қолға алған. Зейнеткер бұған дейін спортшыларға арналған аллея ашқан болатын. Алаңда талай дүбірлі додада еліміздің абыройын асқақтатып, беделін биіктеткен саңылақтарға арналған 30-дан астам ескерткіш орын тепкен.


 Бауыржан Құлжанов көпбалалы отбасынан шыққан. Айыртау ауданы, бұрынғы Еркіндік колхозында дүниеге келді. Бар ғұмырын спортпен байланыстырған чемпионның жақындары мен туған-туысқандарының арасында ешқандай кәсіби спортшы болмаған. Ата-анасы қарапайым мұғалім еді. Бауыржан Ниязұлы өз салмақ дәрежесінде Қазақстанның бірнеше дүркін чемпионы атанған.


 БАУЫРЖАН ҚҰЛЖАНОВ, СПОРТ АРДАГЕРІ:

-  Мақтанысшпен әрқашан айтамын. 7 олимпиадада болдым. Соның ішінде бірінші егеменді Қазақстан болып, Атлантаға бардық. Ондағы Олимпидада өзіміздің командамыз бар. Ол жазғы Олимпиадада. Қысқы Лиллехаммерде болдым. Сонда біздің Владимир Смирновымыз чемпион болды. 


 Биыл жасы жетпіске жеткен зейнеткер, үйінің бір бөлмесін спорттағы жетістіктеріне арнап кішігірім музей ашқан. Онда чемпионның жеңіп алған жүлделері, спортшылардың сыйлықтары, жарыстардан фотосуреттер мен құнды құжаттар сақталған.


АЙНҰР ДОСАН, ТІЛШІ:

- Бұл музейді Бауыржан Құлжановтың спорт саласындағы кіріспесі десек те болады. Мұнда қазақ күресінен спорт шеберінің бала күнінен, күні бүгінге дейін жинаған экспонаттары сақталған. Келер жылы кейіпкеріміз бұл музейді үлкейтіп, Аллея алдында үлкен ғимарат тұрғызбақ. Онда Бауыржан Құлжановтың ғана жетістіктері емес, барша облыс спортшыларының естеліктері орын теппек.


 Ал бұл ардагер спортшының үйі жанынан ашқан «Даңқ» аллеясы. Мұнда тек облыстың ғана емес, әлемдік спортшылардың да ескерткіштері бар. Борки кентінде орналасқан аллеяның есігі кез келген мейман үшін ашық. Алаңның орналасқан жері де өте қолайлы. Себебі саябақта жүгіруге, қыста шаңғы тебуге жағдай жасалған. Жақын маңда колледж де бар. Бауыржан Ниязұлының айтуынша «Даңқ» аллеясына білім ордасының студенттері жиі келеді. Сондай-ақ, спортшылардың жақындары да ат басын бұрып тұрады.


 БАУЫРЖАН ҚҰЛЖАНОВ, СПОРТ АРДАГЕРІ:

- Үйімнің қасында алаң болған.  соны сұрап, алып музей салсам ба деген идея келді. 2017 жылы салып бастадым.  Бүгінде 33 мүсін бар. 94 ел әдейі жазылған. Спорт саласына көп қызмет істеген азаматтар.  Биыл «Динамо» спорттық қоғамына 100 жыл. Соған орай Дзержинский Феликске арнап мүсінін қойдық. ... дайындап жатырмыз. 


Қазір жаңа музей ғимаратының сызба нұсқасы дайын болған. Келер жылы құрылыс жұмыстарын бастау жоспарланып отыр.