«Адал ұрпақ» жобасы аясында «Жемқорлық індет онымен күресу міндет» атты оқушылар арасында облыстық слет өтті. Оған 14 аудан мектептерінен келген 7-10 сынып оқушылары қатысты. Іс шараға қатысушылар мектептердің ерікті клубтарының өкілдері мен жетекшілері,волонтерлер,қоғамдық кеңес өкілдері.


 Қазіргі таңда әлемде сыбайлас жемқорлықпен күрес алдыңғы орында. Ол қоғам дерті болып кетпес үшін алдын алу мақсатында және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруда көптеген іс- шаралар ұйымдастырылып, жүзеге асырылып жатыр.


 АЙДОС ЖҮНІСОВ, ҚР СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ АГЕНТТІГІНІҢ СҚО БОЙЫНША ДЕПАРТАМЕНТІ БАСШЫСЫНЫҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ:

-   «Кез келген ел өзінің келешегін өскелең ұрпағымен байланыстырады. Әр ұрпақтың тағдырына жазылған заман ағымы, кезең тынысы болады. 21 ғасыр бүгінгі ұрпаққа, бұйырған бақыт деп ойлаймыз. Еліміздің ертеңі, мемлекетіміздің жарқын болашағы білімді де білгір жастардың қолында. Елдің ертеңгі сенімі де жасөспірімнің мойнында. Қай заманда болмасын қоғамның қозғаушы күші – жас ұрпақ. Мемлекет басшысының Қазақстан жастарына деген сенімі жоғары екендігін, бүгінгі қыз-жігіттеріміздің қоғамдық белсенділігін жоғары бағалайтындығын білеміз.»


 «Адал ұрпақ» ерікті мектеп клубтары рухани-адамгершілік және азаматтық-отансүйгіштікте тәрбиелеу мақсатында, мектеп ортасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру үшін құрылған.


САНДИНА ТАЙБАСАРОВА, КІШКЕНЕКӨЛ ҚАЗАҚ МЕКТЕП-ГИМНАЗИЯСЫНЫҢ ОҚУШЫСЫ:

«Мен осы «Адал ұрпақ» ұрпақ клубында 7 сыныптан бастап бармын.Мен бастауыш сыныптарға адал іс-тура жол екенін түсіндіремін. Осы клубта 15 шақты қатысушы бар мен солардың бірімін. Бізге әртүрлі іс шаралар өткізген ұнайды».


Қыркүйек-қазан айында департаменттің ұйымдастыруымен оқушылар арасында суреттер, тақпақтардың облыстық байқауы өтті. 88 жұмыс түсті. Бұл өткен жылмен салыстырғанда екі есе көп. Іс-шарада байқау жеңімпаздары және құқықтық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бойынша жалпы мектептік іс-шараларға белсенді қатысқаны балалар алғыс хаттармен марапатталды


Дариға Қуаныш