Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев халыққа арнаған жолдауында сүт-тауар фермасын салу бойынша СҚО-ын көпке үлгі ретінде АЙТТЫ.Осыған байланысты, бүгін Петропавлда сүт өндірісімен айналысатын кәсіпкерлер үшін республиклық форум басталды. Жиында өңір кәсіпкерлері өз тәжірибелерімен бөлісіп, өзге аймақтардан келген серіктестік басшыларының сұрақтарына жауап берді.
Президент Қ.Тоқаев елімізде ет, сүт, астық өнімдерін терең өңдеу және өндірістік жылыжай шаруашылықтарын дамыту бағыттарына басымдық беру керек екенін тілге тиек етті. Және мемлекет басшысы өз сөзінде біздің өңірді көпке үлгі ретін көрсетіп, өңір кәсіпкерлерінің еңбегіне жоғары баға берді.
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ, ҚР ПРЕЗИДЕНТІ:
- 100-ден астам ірі сүт-тауар фермасы салынып жатқан Солтүстік Қазақстан облысының жетістіктері көпке үлгі. Шаруалардың тәжірибесі мол, жем-шөп қоры да жеткілікті. Осының бәрі тұтаса келе тәп-тәуір нәтиже беріп отыр. Құс фабрикаларын, көкөніс қоймаларын, ет өнімдерін шығаратын кәсіпорындар салған кезде осы тәжірибені басшылыққа алу керек.
Жалпы облыста инвестициялық жобаларды іске асыру аясында соңғы 2 жылда 35 жоба, оның ішінде 21 сүт тауар фермасы қаржыландырылған. Нәтижесінде, 1400 жұмыс орны ашылды. Және өңірдегі сүт өндірісі 59 мың тоннаға дейін артты. Қаржылық қолдау есебінен соңғы 2 жылда өңірдегі сүт зауыттарының қуаты 20 пайызға көбейді. Былтыр 370 мың тонна сүт қайта өңделсе, биыл жыл соңына дейін бұл көрсеткіш 382 мың тоннаға жетпек. СҚО қазір сүт өнімін өндіру бойынша республикада көшбасшы.
МАРАТ ТАСМАҒАНБЕТОВ, ОБЛЫС ӘКІМІНІҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ:
- Бұрын инвесторлар 2-3 жылға дейін мемлекеттен несие ала алмай жүретін. Бұл уақыт ішінде инвесторлардың шарттары маңыздылығынан айырылып, барлығы қымбаттап кететін. Осы мәселелерді шешу мақсатында, біз агроөнеркәсіптік кешендегі ірі инвестициялық жобаларды «Солтүстік ӘКК» арқылы жеңілдетілген несиемен қаржыландыру бойынша пилоттық жобаны іске қостық. Оның тиімділігін байқағандықтан үкіметтің қолдауымен 2021-2025 жылдардағы облысты дамытудың кешенді жоспарына да қостық. Екі жыл ішінде бұл жобаға республикалық бюджеттен 35 млрд теңге бөлінді.
Форумға еліміздің түпкір-түпкірінен 100ден астам кәсіпкер қатысып жатыр. Солардың бірі- Дидар Бейсенбаев. Ол Павлодар облысындағы «Крон Агро» ШҚ жетекшісі. Бұл шаруа қожалығы 2020 жылы құрылған. Фермада симентал тұымды 1000 сауын сиыр бар.
ДИДАР БЕЙСЕНБАЕВ, «КРОН АГРО» ШҚ ЖЕТЕКШІСІ:
- Бұл форум сүт өндірушілерді қолдау мақсатынды өткізіліп отыр. Мемлекеттен қалай қаржылық қолдау алуға болатынын, қандай тұқымды ірі қара алу керек екенін, жалпы ақпарат аламыз. Жиыннан күтерім көп. Басқа аймақ кәсіпкерлерімен тәжрибе алмасу өте пайдалы. Өйткені алға қойған, жоспарымыз ауқымды
Форумға шет елдік кәсіпкерлер де қатысты. Солардың бірі-Украинаның Dairy Global Experts компаниясы. Мамандардың сөзінше, әр сүт фермасында ветеринариялық қызметтің жұмысы өте маңызды. Және ірі қараға уақытылы вакцина қою, тиісті күтім көрсету өнімнің сапасына тікелей әсер етеді.
ВИТАЛИЙ ЗАХАРЧЕНКО, DAIRY GLOBAL EXPERTS КОМПАНИЯСЫНЫҢ ВЕТЕРИНАРИЯЛЫҚ ҚЫЗМЕТ БАСШЫСЫ:
- Біздің компаниямыз 10 жылдан бері жұмыс істеп келеді. Павлодар, Петропавл қалаларымен тығыз байланыстамыз. Мен өзім Павлодардағы «лактолис, фуд мастер» компаниясына тиесілі шаруашылықта жұмыс істеймін. Бізде 1800 ірі қара бар. Және сүт өндіру бойынша өте жақсы көрсеткіштерге қол жеткіздік.Бүгінгі форумда өз тәжірибемізбен бөліспекшіміз.
Форум 2 күнге жоспарланған. Бірінші күні, теорирялық тәжірибе алмасу болса, екінші күні қатысушылар өңірдегі сүт фермаларын аралып, жұмысымен танысады.