Қорғаныс министрлігі әскерде болған жігіттерге ҰБТ-дан өтпей-ақ тегін білім алу мүмкіндігін беретін «Әскери міндетті 2.0» жобасын іске қосқан болатын. Осы жоба аясында конкурстық іріктеуге ел көлемінде 17 мыңнан астам сарбаз қатысып, өз бағын сынады. Нәтижесінде, өңірдегі ҚР ҰҰ 6637 әскери бөлімінің 16 сарбазы білім грантына ие болды.


Конкурстық іріктеуге 2022 жылғы көктем және күз мезгілдерінде әскерге шақырылған сарбаздар қатысты. Жалпы республика көлемінде білім грантына мерзімді әскери қызметін өткеріп жүрген 17 253 сарбаз өтінім білдірген. Үміткерлердің жетістіктері мен кемшіліктері туралы барлық деректер қорғаныс министрлігінің сайтында «Әскери міндетті 2.0» цифрлық платформасында тіркеліп, сол жерден көрсеткен нәтижелеріне байланысты іріктеліп алынған.


ВИТАЛИЙ ГРИБ, ПЕТРОПАВЛ ҚАЛАСЫНЫҢ ҚОРҒАНЫС ІСТЕРІ ЖӨНІНДЕГІ БАСҚАРМА БАСТЫҒЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ 0047:

- «Бұл бағдарлама қорғаныс министрлігінің қолдауымен жүзеге асырылып жатыр. «Әскери міндетті 2.0» цифрлық базасында әскерге келген күннен бастап сарбаздың көрсеткен нәтижесі, қызмет атқару кезіндегі бағалары , әскери дайындықтарына балл қойылады.Жүйе автоматты түрде сарбаздардың рейтингін өздерінің қорытынды бағалары бойынша шығарып береді. Сонымен қатар, сарбаздардың әскери өмірдегі түрлі іс-шараларға белсенділік танытулары да ескеріледі. Кейінен барлық баллдың қорытындысы шығарылып, ең жоғары көрсеткіш көрсете білген сарбазға білім грантына сертификат табысталады»


Бұл білім сертификаттарымен мерзімді әскери қызметтен өткен сарбаздар екі жыл ішінде ҰБТ тапсырмай-ақ жоғары оқу орнына түсе алады.

Және сарбаздардың барлығы өзі таңдаған оқу орнындағы әскери кафедраға емтихансыз қабылданады.


МАҚСАТ МҰҚАЕВ, ҚР ҰЛТТЫҚ ҰЛАНЫ 6637 ӘСКЕРИ БӨЛІМ КОМАНДИРІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:

- барлығы мың жарым адамға орын бөлінді. Күштік құрылымдар бөлінісі бойынша орындар ҚР ҰҰ 621 орын алды. ҰҰ әскери бөлімдерінің ҚР 6637 әскери бөлімінің 16 әскери қызметшісі осы ұсынымға лайық болды.


Бүгін білім серификатына ие болғандардың бірі- Бекзат Аманжол. Ол Алматы қаласынан келіп 6637 әскери бөлімінде отан алдындағы борышын өтеп жүр. 10 ай ішінде жалпы 692 балл жинап, ЖОО грант жеңіп алды.


 БЕКЗАТ АМАНЖОЛ, ҚР ҰЛТТЫҚ ҰЛАНЫ 6637 ӘСКЕРИ БӨЛІМІНІҢ САРБАЗЫ:

-Өте қуанып тұрмын. Ер азаматтық борышыңды орындап, сонымен қатар ЖОО грант жеңіп алу көпке бұйыра бермейді. Енді мен әскерден соң Атырау қаласындағы С.Өтепов атындағы мұнай және газ университетіне инжинер мамандығына оқуға түсемін деп жоспарлап отырмын. Өзім колледжді бағдарламашы мамандығы бойынша бітіргенмін


Айта кетейік, бұл жоба Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен қорғаныс министрлігіне білім беру жеңілдіктерін ұсыну арқылы азаматтарды мерзімді әскери қызметке ынталандыру және армияның беделін арттыру мақсатында қолға алынған болатын.