Негізгі Жаңалықтар Облыста 2,3 келіден астам «синтетика» тәркіленді

Облыста 2,3 келіден астам «синтетика» тәркіленді

Жыл басында «Hyundai Accent» көлігін тізгіндеген 25 жастағы Петропавл тұрғыны қолға түсті. Тінту кезінде полицейлер машинадан сатуға дайындалған, халық арасында «тұз» атымен белгілі 9 және мефедроны бар 20 ораманы тәркіледі. Ұсталғандар көрсеткен жерлерден тағы 21 байлам табылды.


Күзде сот үкімі шығып, қала тұрғыны ҚР Қылмыстық кодексінің 297-бабының 3-бөлігіне сәйкес 10 жылға бас бостандығынан айырылды. Еске сала кетейік, жыл басынан бері облыста 92 есірткі өткізу фактісі тіркелді. Заңсыз айналымнан 2,3 кг астам «синтетика» тәркіленді.


Бөлісу