Колледж оқушылары полиция Музейінің құрылған күніне орай полиция батырларымен кездесті. Тәртіп сақшыларының бірі адамды өрттен құтқарса, енді бірі көпірден секірмек болған бойжеткеннің өміріне араша түсті. Кездесуге келген жастар бүгінгі күннің бастырларына қызықтырған сұрақтарын қойды. Облыстық полиция ведомствосы баспасөз қызметінің материалына назар аударайық.


 СҚО полиция департаменті музейінің құрылғанына биыл 34 жыл. Осыған орай мұнда Солтүстік Қазақстан жоғары кәсіптік-педагогикалық колледжінің екінші курс студенттері қатысқан батылдық сабағы өтті.


Абылғазы Ғабдуллин, СҚО ПД кадр саясаты басқармасының бастығы:

- Біздің мұражай-адамдар үшін қызмет ететін күрделі тірі организм. Фотосуреттер, құжаттар, марапаттар, жеке заттар, қару-жарақ - бұл мұражайдың қорлары мен экспозицияларының негізгі арсеналы, бұл адам тағдырының, сондай-ақ батырлық тағдырлардың сәттері.


 Кездесуге батылдық жасаған полиция қызметкерлері арнайы шақырылды. Оқушылар тік жартастан өзенге құлаған жасөспірімді құтқарған Нұрлан Көкабаевпен әңгімелесті. Отбасыны өрттен құтқарған Азамат Қабиевке және Саят Ақпаровқа қызықтырған сұрақтарын қоя алды. Ал Руслан Ақматов 2016 жылы жас қыздың секіруіне жол бермеу үшін көпірдің 30 метрлік аркасына көтерілуге мәжбүр болды, кейін адам өміріне араша түскені үшін "Ерлігі үшін" медалімен және Төтенше жағдайлар министрлгінің ІІІ дәрежелі "Құтқарушы" төсбелгісімен марапатталды.


Руслан Ақматов, Петропавл қ. ПБ патрульдік полиция батальоны қызметінің аға инспекторы:

- Біраз ыңғайсыз сезімдемін, шынымды айтсам. Бұл, ең алдымен, біздің міндетіміз. Бірінші кезекте - парыз. Мен бұл туралы ойламадым, ол қыздың өмірі туралы ойладым.


 Любовь Осинская мен қор сақтаушысы Нина Бенграф жас қонақтарға естелік сыйлық сыйлады. ПД мәдени орталығының әртістері музыкалық нөмірлерді орындады. СҚО ПД мұражайы — ҚР ІІМ жүйесіндегі үздік Музей. 2020 жылы республикалық "Үздік ведомстволық мұражай" байқауы алғаш рет өткізілгенде, бірінші орынды иеленді. Бір жылдан кейін Халықаралық мұражайлар байқауында үшінші орынға ие болды. Осы жылдар ішінде мұнда 3 мыңнан астам экскурсия өткізілді, Солтүстік Қазақстан ІІО тарихымен 50 мыңнан астам адам танысты.