15 Қараша - ұлттық валюта күні. Бұл дата 1997 жылдан бастап аталып өтілетін болған. Ал биыл теңгенің айналымға енгізілгеніне 30 жыл толып отыр. Осыған орай Абылай хан резиденциясында көрме ашылды. Көрмеде әр жылы шыққан купюраларды, сирек кездестін қымбат металдардан құйылған монеталарды кездестіруге болады.


ҰЛАН ЫДЫРЫС, ТІЛШІ:

«Қазақстан республикасының валютасы мемлекетіміздің егемендігін айғақтайтыны сөзсіз. Биыл төл теңгеміздің айналымға шыққанына 30 жыл толмақшы. Осыған орай, бүгінгі көрмеде 100ге жуық, сирек кездесетін монеталар мен купюралар көрермендер назарына ұсынылған. Мысалға, бұл монеталар коллекциясы «Жеті қазына» деп аталады. Бұл жерде қазақ халқының ең бас «Жеті қазынасы» бейнеленген. Айта кететіні әр монетаның құны жарты миллион теңге»


Теңгенің тарихы ҚР Президентінің 1993 жылдың 12 қарашасында қол қойған «Қазақстан Республикасының ұлттық валютасын енгізу туралы» Заңынан басталады. Арада үш күн өткенде, 15 қарашада ел аумағындағы жаңа сауда саттық жасау құралы ретінде төл теңге қолданысқа енді. Ұйымдастырушылардың айтуынша, бүгінгі іс-шараның басты мақсаты төл теңгеміздің тарихынан сыр шерту.


ӘСЕМГҮЛ ҚЫДЫБЕКОВА, АБЫЛАЙ ХАН РЕЗИДЕНЦИЯСЫ МУЗЕЙ КЕШЕНІ ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

-  «Бұл көрмені біз Қазақстан республикасының Ұлттық банкі СҚО филиалымен бірлесіп ұйымдастырып отырмыз. Яғни бұл ең алғашқы тұңғыш президенттің қабылдауымен шарлық шығып теңгенің қабылданғаннан бастап қазіргі таңға дейінгі валюталарды көрсетіп отырмыз. »


Бұл көрмеге келіп отырғандардың қатарында Манаш Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университеті тарих факультетінің 3 курс студенті Ерлан Бекенов та бар. Ол – нумизмат. Қазір оның коллекциясында Қазақстанда алғаш рет айналымға шыққан теңгеліктер де бар.


 ЕРЛАН БЕКЕНОВ, СТУДЕНТ:


 Айта кетейік , бұл көрме 17 қарашаға дейін жұмыс істемек. Келем деушілерге кіру тегін.