Облыс орталығында Қазақстан стандарттау және метрология институтының Техникалық реттеу жөніндегі үйлестіру орталығы өкілдерінің қатысуымен кеңес өтті. Жиын барысында Еуразиялық экономикалық одақ аясында және ел аумағында сауда жүргізудің техникалық регламенті талаптары түсіндірілді.
Техникалық регламент – бұл өнімге қойылатын белгілі бір талаптар көрсетілген құжат. Егер тауар бекітілген талапқа сай келсе, онда оны Еуразиялық экономикалық одақ аумағында сақтауға, тасымалдауға және сатуға болады. Жиынның облыста өтіп жатқаны бекер емес. Себебі ет, сүт, астық өнімдерін өндіруде Солтүстік топ бастап тұр.
АЛЕКСАНДР РАЗАРЕНОВ, ТЕХНИКАЛЫҚ РЕТТЕУ ЖӨНІНДЕГІ ҮЙЛЕСТІРУ ОРТАЛЫҒЫ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:
- Биыл біз техникалық регламентке қатысты ауқымды сараптамалық жұмыс жүргіздік. Оның ішінде астық қауіпсіздігі мен сүт және сүт өнімдерінің қауіпсіздігіне қойылатын талаптар басты назарда болды. Енді осы жұмыстың нәтижесімен бөлісіп, аталған оқылықтардың алдын алу үшін өзара пікір алмасатын боламыз. Солтүстік Қазақстан – сүт өнімдерінің басым бөлігі экспортталатын Ресеймен шектеседі. Осыған байланысты мәселелер болса. Бүгін талқыға аламыз.
Бұл техникалық регламентке қатысты өтіп жатқан алғашқы кеңес емес. Бұған дейін арнайы мамандардың ұйымдастыруымен бірнеше кезедесу және бейне конференциялар өткен. Евгений Карабанов «Северное Зерно» компаниясының құрылтайшысы. Аталған мекеме 23 жылдан бері сауда нарығында қызмет етіп келеді. Сондай-ақ, Қазақстан астық одағына мүше.
ЕВГЕНИЙ КАРАБАНОВ, ҚАЗАҚСТАН АСТЫҚ ОДАҒЫНЫҢ РЕСМИ ӨКІЛІ:
- Біздегі стандартты халықаралықпен үйлестіру жағынан мәселелер туындап жатады. Сондай-ақ, заман талабы мен тұтынушылардың ойы тағы бар. Біздің бизнес бірқалыпты жүріп жатыр. Ең қуантары қазір мемлекет тарапынан қолдау бар. Шағым-тілегімізге құлақ асады.
Еске сала кетейік, бүгінгі таңда ЕЭО-та елу екі техникалық регламент бекітілген. Оның қырық жетісі қолданыста. Бұдан бөлек, ел аумағында он сегіз Ұлттық техникалық регламент енгізілген.