20 қазанда жазушы, журналист, Президент грантының иегері,Мәдениет қайраткері, Ақпарат саласының үздігі Жақсыбай Самрат 63 жасқа толды. Мерейтойға орай облыстық әкімдікте аппарат басшысы Олжас Ыдырысовтың қатысуымен саланатты жиын өтті. Іс-шараға зиялы қауым өкілдері, туған күн иесінің әріптестері қатысып, жазушы-журналистке арналған өздерінің ақ жарма тілектерін жолдады. Сонымен қатар, Жақсыбай Самратқа Қазақстанның құрметті журналисі атағы берілді.
Жақсыбай Самрат 1960 жылы 20 қазанда Есіл ауданы, Тауағаш ауылында дүниеге келген. Әл-Фараби және Е.Букетов университеттерін экономист және филолог мамандықтары бойынша тәмәмдаған. 1993 жылдан журналистикаға толық бет бұрып, Петропавлда облыстық телеарнада редактор қызметін атқарады. Кейін Республикалық «Жас Алаш», «Қазақ әдебиеті», «Ана тілі» газеттеріне экономикалық саяси маңызды мәселелерді көтеретін мақалалар жариялап тұрған. Сонымен қатар Республикалық «Егемен Қазақстан» газетінде саяси шолушы болып Тұңғыш Президенттің барлық сапарларындағы маңызды келісімдерді баспасөз беттерінде жариялайды.
ЗАРҚЫН ТАЙШЫБАЙ, ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЕҢБЕК СІҢІРГЕН ҚАЙРАТКЕРІ, ПРОФЕССОР:
- Жақсыбай баурымыз біздің солтүстік өңірдегі ғана емес республикадағы беделді журналисттердің біреуі. 25 жыл қатар жүріп келе жатырмыз. Білімін, өнерін, мінезін, журналист ретіндегі қасиетін көріп келе жатырмыз. Баспасөзде белсенді көрініп, Қазақстанның, еліміздің тәуелсіздігін нығайтуға,біздің жетістіктерімізді жазып, көрсетіп келе жатқан журналист. Қазіргі жас журналисттер осы Жақсыбайдай болса екен тілегім бар.
Жақсыбай Самрат өзінің қырық жылдан астам өмірін шығармашылыққа арнап 14 кітап жазған. Жазушылықпен қатар журналисттік қызметін де жалғастырып жүрген ол, бүгінде республикалық «Егемен Қазақстан» газетінің меншікті тілшісі. Бүгінгі зейнет жасына толуына орай облыстық әкімдікте салтантты жиын өтіп, облыс әкімінің атынан аппатар басшысы Олжас Ыдырысов құттықтады.
ОЛЖАС ЫДЫРЫСОВ, СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ ӘКІМІ АППАРАТЫНЫҢ БАСШЫСЫ:
- Құрметті Жақсыбай Баянұлы сізді зейнеткерлік жасқа келуіңізбен шын жүректен құттықтаймын. Қызылжар өңірі сізді белгілі жазушы, журналист, Президент грантының иегері, мәдениет қайраткері, Ақпарат саласының үздігі ретінде жақсы таныйды және бағалайды. Бүгінгі күні республикалық «Егемен Қазақстан» газетінің меншікті тілшісі ретінде облысымыздың жетістіктерін бүкіл елімізге танытып келесіз. Осындай мерейтой күні өзіңізге мықты денсаулық, шығармашылық табыс, отбасылық бақыт тілеймін.
Жиынға мерейтой иесінің әріптестері, үзенгілес достары мен өңірдің зиялы қауым өкілдері қатысты. Сонымен қатар, бұл күні Жақсыбай Самратқа Қазақстанның құрметті журналисі атағы да берілді.
ЖАҚСЫБАЙ САМРАТ, ЖАЗУШЫ, ЖУРНАЛИСТ:
- Құрметті әрптестер, ағалар, құрдастар бәріңізге көп рахмет. Адам деген ойнап-күлік жүріп 63 жасқа келіп қалады екенсің. Біз елдің, мемлекеттің қолдаушысымыз,қорғаушысымыз. Дұрыс дүниені шамамыз келгенше қолдап, халыққа түсіндіріп жүреміз. Бәріңізге көп рахмет айтамын тағы да.
Ғұмырының басым бөлігін шығармашылыққа арнаған Жақсыбай Самрат марапаттан кенде емес. Президент грантының иегері,Мәдениет қайраткері, Ақпарат саласының үздігі, Журналистер одағы сыйлығының лауреаты, Жазушылар Одағының мүшесі, Есіл ауданының Құрметті азаматы сияқты атақтары бар.