Солтүстік Қазақстан облысына ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров жұмыс сапарымен келді. Сапар аясында министр Ғ.Мүсірепов ауданына барып, егін жинау науқанымен танысты. Фермерлердің мәселесіне үңілді.


 Кездесуде диқандар көптеген маңызды мәселелерді көтерді. Тамыздың ортасында басталған толассыз жауын егінді ысырапсыз жинап алуға мүмкіндік бермеді. Мұнымен қоса, бидай сапасы төмен. Қазір шаруалар әр ашық күнді тиімді пайдаланып жатыр. Биыл Ғабит Мүсірепов ауданында дәнді дақылдардың орташа өнімділігі гектарынан 10 центнерден сәл асады. Ал өткен жылы бұл көрсеткіш шамамен 20 центнерді құраған. АЙДАРБЕК САПАРОВ, ҚР АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ МИНИСТРІ: - Азық-түлік корпорациясының тапсырмасы мемлекет тарапынан қолдау көрсетіледі. Бұл алқаптар "Азко-Пески" ЖШС тиесілі. Шаруаның иелігінде шамамен 8 мың гектар жер бар. Алқапта негізінен дәнді дақылдар егіледі. Биылғы жылы орташа өнімділік гектарынан шамамен 10 центнерді құрап отыр. Олар астықтың 80% жинап үлгерген. АЙДАР ЖАНЗАҚОВ, "АЗКО-ПЕСКИ" ЖШС ДИРЕКТОРЫ: - Қолайсыз ауа райы қиындық тудырып жатыр. Жығылған егін қайта өсіп жатыр. Бірақ, оған қарамастан орақ науқанын 5-6 күннің ішінде аяқтаймыз деп жоспарлап отырмыз. Былтыр орташа өнімділік гектарынан шамамен 14-15 центнерді құрап еді.»


АЙДАРБЕК САПАРОВ, ҚР АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ МИНИСТРІ:

- Азық-түлік корпорациясының тапсырмасы мемлекет тарапынан қолдау көрсетіледі.


 Бұл алқаптар "Азко-Пески" ЖШС тиесілі. Шаруаның иелігінде шамамен 8 мың гектар жер бар. Алқапта негізінен дәнді дақылдар егіледі. Биылғы жылы орташа өнімділік гектарынан шамамен 10 центнерді құрап отыр. Олар астықтың 80% жинап үлгерген.


 АЙДАР ЖАНЗАҚОВ, "АЗКО-ПЕСКИ" ЖШС ДИРЕКТОРЫ:

- Қолайсыз ауа райы қиындық тудырып жатыр. Жығылған егін қайта өсіп жатыр. Бірақ, оған қарамастан орақ науқанын 5-6 күннің ішінде аяқтаймыз деп жоспарлап отырмыз. Былтыр орташа өнімділік гектарынан шамамен 14-15 центнерді құрап еді.»


 Жиналған астық бірден элеваторға жеткізіліп, кептіріледі. Жуырда министрлікте әкімдіктің арзандатылған дизель отынын бөлу туралы өтініші бекітілді. Ол 10 мың литрді құрап отыр. Бірақ оның көлемін ұлғайту керек.


 АРМАН ОМАРОВ, «ИШИМ-ГАРАНТ» ЖШС ДИРЕКТОРЫ:

 - «Біздің элеватор 50 мың астықты оңай сыйдыра алады. Биыл орақ науқаны тамыз айының басында басталды. Жеткізіліп жатқан астық 3-ші , 4-ші және 5-ші класты бидай. Енді орақ науқаны ойдағыдай аяқталса дейміз.


 Сондай-ақ Айдарбек Сапаров еліміздің аграрийлері алдындағы субсидиялар бойынша берешек 155 млрд теңгені құрап отырғанын айтты. Жыл соңына дейін оны өтеу жоспарланған. Өтінім Қаржы министрлігінде қаралып жатыр.