Петропавл қаласының әкімі Серік Мұхамедиев азаматтарды қабылдап, қала тұрғындарының көкейінде жүрген сауалдарына жауап берді. Қала тұрғындарын көбінесе аулаларды абаттандыру, апатты тұрғын үйлер сынды бірқатар мәселелер алаңдатады. Әріптесімнің сюжетіне зер салайық.
Қала әкімінің қабылдауына келгендердің бірі Володарский көшесі, 24 мекен-жайының тұрғыны. Ол аула аумағын тазалаудан бас тартқан көршісі туралы мәселемен жүгінген. Жаңбырдан немесе қардан кейін көршісінің үйіндегі су оның ауласына ағатын көрінеді. Тұрғындар бірнеше рет полицияға хабарласқан. Алайда, еш нәтиже жоқ екен.
Жамбыл көшесінлегі судың барлығы менің үйіме ағып келеді. Көршіміз екеуміз 2016 жылдан бері арықты өзіміз тазалап жүрміз.
СЕРІК МҰХАМЕДИЕВ, ПЕТРОПАВЛ ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМІ:
- Ағаштарды кесетін компанияны енді анықтаймыз. Қазір байқау болып жатыр. Қорытындысы 26-сы күні шығады. Кейін бұл мәселені бақылауға аламыз
Шаһар басышының қабылдауына келгендердің қатарында Валентина Попова да бар. Ол Молодежная көшесі, 11 мекен-жайында коммуналдық пәтерде анасымен бірге тұрады. Айтуынша, үйдің жағдайы мәз емес. Пәтердегі еден опырылып құлауға жақын екен, сонымен қатар кәріз жүйесі де істен шыққан. Құбыр жарылған, алайда апатты тұрғындар өздері қалпына келтіріп, жөндеу жұмыстарын жүргізген.
ВАЛЕНТИНА ПОПОВА, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ:
- Менің бөлмемді 1 миллион 189 мың теңгеге бағалады. Мен оған келіскен жоқпын. Осы уақытқа дейін жекешелендіруге болмайды деген жауап естіп келемін. 1997 жылдан бері осы үйде тұрып келеміз. Бұл баспананы менің анама көпбалалы ана ретінде берген болатын.
Серік Мұхамедиев қала тұрғыны Валентина Попованы жеке қабылдауына келуге шақырды. Шаһар басшысы бүгінгі сұрақтардың барлығы бақылауға алынатынын жеткізді.