Облыстық перинаталдық орталықта "Аманат" партиясының өкілдері қоғамдық қабылдау өткізді. Медициналық мекеменің штаты 330 адамды құрайды. Соның 60-ы дәрігерлер. Жиын барысында ақ халатты абзал жандар өздерін мазалаған мәселелерді көтерді.
Бұл облыстық перенаталдық орталықта дәрігерлер күн сайын ана мен баланың өмірі үшін күреседі. Ақ халатты абзал жандардың айтуынша, кейбіреулері өзінің алғыстарын білдіріп жатса, басқалары балағаттап тіпті қол көтерген кездері де болған екен. Сол себепті де бүгінгі жиында дәрігерлердің мәртебесін көтеру мәселесі қарастырылды.
ЕЛЕНА КАЛЮЖНАЯ, ОБЛЫСТЫҚ ПЕРИНАТАЛДЫҚ ОРТАЛЫҚТЫҢ ДИРЕКТОРЫ:
- «Мен өз қызметкерлерімді қорғағым келеді, мұнда таныс арқылы немесе кездейсоқ келген адамдар жоқ. Олар өз ісінің білікті мамандары . Барлығы тәжірибелі. Еңбегіміз ауыр, жалақымыз да төмен. Егер бұл мүмкін болса, дәрігердің мәртебесі көтерілсе деген тілегім бар.»
Сондай-ақ, ақ халатты абзал жандар абаттандыру мен көгалдандыру мәселесін де көтерді. Перинаталдық орталықтың алаңы шағын саябақ салуға да жарамды. Сонымен қатар тегін медициналық препараттар тізімін кеңейту және жолдарды жөндеу сынды мәселелер қозғалды. "АМАNАТ" қоғамдық қабылдау бөлім басшысының айтуынша, жыл басынан бері осы сынды 24 мобильді қоғамдық қабылдау жүргізілген. Соның арқасында 100-ге жуық мәселе қарастырылды. Олардың тең жартысы оң шешімін тапты.
ГҮЛФИРА РАМАЗАНОВА, "АМАNАТ" СҚОФ ҚОҒАМДЫҚ ҚАБЫЛДАУ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ:
- « Мобильді топпен біз айына екі рет қоғамдық қабылдау жүргізіп, шалғайда орналасқан елді мекендерге шығып тұрамыз. Біз азаматтарға, белгілі бір мекеменің ұжымыны өзекті мәселелерін шешуге мүмкіндік береміз.»
Бүгінгі жиында көтерілген мәселелер бақылауға алынып, жақын арада өз шешімін табады.