Қыркүйектің 16-сы күні әлемнің 180 мемлекетінде «World Cleanup Day» акциясы өтті. Бұл іс-шарадан солтүстік өңірде де қалыс қалған жоқ. Өткен сенбі күні шаһар тұрғындары тазалыққа шығып, қаланы күл-қоқыстан тазартты.


World Cleanup Day - әлемнің 180 мемлекетін қамтитын үлкен тазалық акцияларының бірі. Бұл іс-шара 2008 жылы Эстония мемлекетінде пайда болған екен. Бас кезінде бұған тек Эстония халқы қатысатын. Содан кейін бұл акция әлемге танымал бола бастады. Басты мақсат қ-оғамдық, үкіметті, комерциялық кәсіпорындарды біріктіріп қоршаған ортаны қоқыстан тазарту.


АЗАМАТ БЕКТАСОВ, СҚО ЭКОЛОГИЯ ДЕПАРТАМЕНТІ БАСШЫСЫ:

-  «Біздің қаламызда биылғы жылы 36 осындай локация бекітілген. Біз қазіргі таңда осы локациялардың біріндеміз. Және де біздің облысымыздың аудандарында бұл іс-шара өтіп жатыр. Мысалы былтырғы жылы бұл акцияны өткізген кезде 2 мыңнан астам адам қатысқан болатын. Және де 300 тоннадан артық қалдықтар жиналды.»


 «World Cleanup Day» акциясына кез-келген адам қатыса алады. Іс-шарада мемлекеттік қызметкерлермен қатар, кәсіпорын жұмысшылары да жүр. Оның қатарында «Қызылжар» орман шаруашылығы мемлекеттік мекемесінің директоры Қайрат Қалықов та бар. Ол осы сынды акцияларға жиі қатысады.

Бұл Қайрат Қалықов, СҚО «Қызылжар» орман шараушылығы мемлекеттік мекемесінің директоры. Айтуынша, ол осы сынды акцияларға жиі қатысатын көрінеді.


 ҚАЙРАТ ҚАЛЫҚОВ, «ҚЫЗЫЛЖАР» ОРМАН ШАРУАШЫЛЫҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІНІҢ ДИРЕКТОРЫ:

- «Бұл жерде қазіргі жұмыс жасап жатқан экология департаменті, облыстық аумақтық орман шаруашылық инспекциясы және менің мекемемнің қызметкерлері бұл қаланың аумағындағы орман қоры жерлерін мына қоқыстардан тазартып отырмыз. Біздің мекемеден 10 адамды әкеліп отырмыз және газ 53 көлігі мен қоқыс тазалауға арналған құрал-жабдықтар және қолғап әкеліп отырмыз. »


 Тазалық акциясы аясында жиналған қоқыс арнайы қалдық өңделетін орындарға жөнелтілетін болады. Айта кетейік , қазіргі таңда өңірімізде 11 қалдық өндеу кәсіпорны бар.