Еңбек күніне орай «CЕВКАЗЭНЕРГО» АҚ кәсіпорнында салтанатты жиын өтті. Шара барысында биыл «Еңбек жолы» өңірлік конкурсына қатысқан жүрдегерлер марапатталды. Айта кетейік,, осы жылы «Еңбек жолы» конкурсына үш номинация бойынша облыстың 39 кәсіпорны мен ұйымы қатысты.


 Бүгінгі іс-шарада марапатталғандар арасында еңбек саласында 37 жылдық өтілі бар жетекші инженер Борис Огневец те бар. Ол өңірлік конкурсқа қатысып, «Жұмысшы жастардың үздік тәлімгері» номинациясы бойынша 2 орынды иеленді.


 БОРИС ОГНЕВЕЦ, «СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ЭЛЕКТР ЖЕЛІСІН ТАРАТУ КОМПАНИЯСЫ АҚ-НЫҢ » ЖЕТЕКШІ ИНЖЕНЕРІ:

- Менің міндетім - жұмысшыларға тапсырмаларды бөліп беру, бұйрықтар шығару, орындалған тапсырмаларды тексеру. Жас мамандарды даярлауда алдымен ұзақ дайындық жүргізіп, көмегімізді көрсетеміз.


 Айта кетейік, осы жолғы «Еңбек жолы» конкурсына облыстың 39 кәсіпорны қатысты. Олар үш номинация бойынша үздікті анықтады.


 МИРАС САБАҒАНОВ, СҚО МЕМЛЕКЕТТІК ЕҢБЕК ИНСПЕКЦИЯСЫ БАСҚАРМАСЫ БАСШЫСЫНЫҢ М.А.:

Республикалық деңгейдегі байқау үш номинация бойынша өткізіледі. Біріншісі, «Үздік еңбек әлеуеті» номинациясы бойынша ең ұзақ еңбек өтілі және ең көп марапаты бар әулеттерге басымдық беріледі. Келесі, «Жұмысшы жастардың үздік тәлімгері» номинациясы бойынша конкурсқа кемінде 20 жыл еңбек өтілі бар білікті тәлімгерлер қатыса алады. Соңғысы, «Үздік жас өндіріс қызметкері» номинациясы бойынша 5 жылға жуық еңбек өтілі бар ең белсенді , еңбекқор қызметкерлер бақ сынайды.


 Елордада өтетін «Еңбек жолы» республикалық конкурсының ақтық кезеңі қыркүйектің 22-сіне жоспарланған. Оған өңірде үздік атанғандар жолдама алады.