Петропавлда бүкіл Қазақстанға әйгілі «Томирис» кілем дүкені ашылды. Сауда ордасында кілемдердің 1000-нан астам түрі бар. Ол жерден өңір тұрғындары түрік және иранның жоғары сапалы төсеніштерін таба алады.
Кілемдер үйдің сәнін келтіріп, ажарын кіргізіп тұратын дүние екені барлығымызға мәлім. «Tomiris» кілемдер дүкенінен облыс тұрғындары өз талғамына сай кез-келген төсеніш таба алады. Жоғары сапалы әрі бағасы да қолжетімді.
ӘСИЯ СИХЫНБАЕВА, «TOMIRIS» ДҮКЕНІНІҢ БАС ДИРЕКТОРЫ:
- Біздің кілемдер тұтынуға ыңғайлы. Сапасы жағынан жақсы деп айтуға болады. Және де бағасы қолжетімді. Біз Түркияның ең жақсы , үлкен картал деген компаниясымен жұмыс істейміз. Сол компанияның кілемдерін бүкіл елге брэндке айналған. Біз сол кілемдерді сіздің қалаларыңызға алып келіп отырмыз.
Ашылғанына бірер сағат болған дүкен келушілерді қарсы ала бастады. Өңір тұрғындары 50 мың теңгеден асатын кілем сатып алып, лотереяға қатыса алады. Дүкеннің ашылуына орай компания өз тұтынушыларына бағалы сыйлықтармен ұтыс ойынын ұйымдастыруда. Басты жүлде iPhone смартфоны.
АЛМА МӘУЛЕТОВА, «TOMIRIS» ДҮКЕНІ ДИРЕКТОРЫНЫҢ М.А.:
- Келішілерге Түркия мен Иранның атақты өндірушілерінің кілемдерін ұсынамыз. Біз олармен тікелей жұмыс істейміз. Біз өз кілемдерімізді қолжетімді бағада ұсынамыз. Яғни, көтерме бағаны белгілеп, бөлшек саудада сатамыз.Қала тұрғындары үшін де арнайы сыйлықтар дайындадық.
«Томирис» дүкені қала тұрғындары мен қонақтарын кілем салонын тамашалауға шақырады. Дүкен Астана көшесі, 30 б. мекен-жайы бойынша орналасқан.
Жансая Қайыпова