Солтүстікқазақстандық полицейлер «Назар аударыңыз – балалар!» республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізіп жатыр. Оның барысында тәртіп сақшылары жол жүрісі қағидалардың бұзудың 648 дерегін анықтаған. Бұл туралы облыстық полиция депратаментінің баспасөз қызметі әзірлеген бейнематериалға зер салайық.


 Жергілікті полиция қызметі басқармасы қызметкерлерінің төменгі сынып оқушыларымен кезекті кездесуі № 8 орта жалпы білім беретін эстетикалық тәрбие мектеп-кешенінде өтті. Патрульдік полиция батальонының офицері үшінші сынып оқушыларына жол қозғалысын реттеушінің қимылдарын көрсетті. Оның әріптестері негізгі ережелер мен оларды елемеуден туындайтын қауіп туралы айтты, жадынамалар таратып, сұрақтарға жауап берді. Кездесу соңында полицейлер оқушылардан үйден мектепке, мектептен үйге баратын жолдарын сызып көрсетуді сұрады.


 Баян Байғасқина, СҚО ПД Жергілікті полиция қызметі басқармасының аға инспекторы:

- Ата-аналарға өздерінің балаларымен күн сайын жол қозғалысы ережелерін қатаң және мұқият сақтауы бойынша әсіресе, жолдың белгіленбеген орындарында өтпеулерін және велосипед тебу барысында жаяу жүргіншілер өтпесін өтпеуін. Сонымен қатар, өту жолынынң жанында ойнамауын еске сақтаймыз. кеңес береміз


 «Назар аударыңыз – балалар!» жедел-профилактикалық іс-шарасының екінші кезеңі 27 тамыздан бастап өткізілуде. Полиция қызметкерлерінің, ата-аналар мен ұстаздардың міндеті – мектепке келетін балалардың қауіпсіздігін барынша қамтамасыз ету. Өйткені, ұзақ жазғы демалыста болған оқушылар көлік қозғалысы көбейген кезде абдырап, келген жолдарын ұмытып қалуы мүмкін. СҚО-да оқу жылының басынан мектептер мен мектепке дейінгі мекемелердің жанында жол ережелерінің 648 бұзушылығы анықталды.


Әйгерім Өмірзақова, № 8 жалпы орта білім беретін мектеп-эстетикалық тәрбие кешенінің оқушысы:

- Олар бізге қызыл түске жүруге болмайтындығын айтты. Ал жазыл түске біз барамыз. Велосипедпен светафорға бармау керек. Біз велосипедтен түсіп қана оған барамыз. Біз мектепке барғанда жан-жағына қарап сосын ғана барамыз. ереходить улицу в неположенном месте — запрещено


 Бұдан бөлек, полиция қызметкерлерімен мектептер мен мектепке дейінгі мекемелердің жанына жақын аумақтарда 283 тексеру өткізілді. Кемшіліктерді жою туралы 136 акті жазылды. «Назар аударыңыз – балалар!» жедел-профилактикалық іс-шарасының екінші кезеңі 30 қыркүйекке дейін өткізілмек. Сегіз айдың қорытындысы бойынша СҚО жолдарында балалардың қатысуымен 57 жол-көлік оқиғасы тіркеліп, салдарынан 5 адам қаза тапты, 64 адам түрлі дене жарақатын алды.