Облыс орталығындағы А.Винокуров спорт сарайында шорт-тректен жасөспірімдер арасында ел чемпионаты басталды. Дүбірлі додаға еліміздің 8 облысынан келген 100-ден астам спортшы шын жүйрікті анықтап жатыр.


Шорт-тректен жасөспірімдер арасында өтіп жатқан ел чемпионаты – дәстүрлі. Биыл аталған сайыс Солтүстік Қазақстан облысының орталығы -Петропавл қаласында алғаш рет ұйымдастырылып жатыр. Дүбірлі додаға қатысуға еліміздің 8 облысынан 100-ден астам спортшы ниет білдірген.


 АЗАМАТ ӘЛИЕВ, ШОРТ-ТРЕКТЕН ҰЛТТЫҚ ҚҰРАМАНЫҢ ЖАТТЫҚТЫРУШЫСЫ:

- Осындай сынды жарыстардың өтуі бұл спорттың сіздердің өңірлерінізде дамуына үлкен үлесін қосады.Қазіргі таңда,шорт-трек спортының осы өңірде ашылғанына биыл 6 жыл болды.2017 жылы алғаш рет ашылған болатын. Осындай аздаған уақыттар ішінде жас жасөспірімдер арасында көптеген ҚР чемпиондары мен жүлдегерлері бар. Егер осындай деңгейде,осындай қарқында жақсы дами берсе негізгі құраманың резервтік тобына ілігуге,өтуіне үлкене мүмкіндік бар. 


 өңір атынан өнер көрсетіп, жақсы нтәижеге қол жеткіземін дейтін жас спортшылар аз емес. Солардың бірі – Санжар Жұмабек. Жас саңлақ болашақта еліміздің атынан әлемге танытып жүрген шорт-тректен халықаралық дәрежедегі спорт шеберлері Денис Никиша, Абзал Әжғалиев секілді спортшыларға ұқсағым келеді дейді.


 САНЖАР ЖҰМАБЕК, ЖАРЫСҚА ҚАТЫСУШЫ:

-  «Мен шорт-трекпен 9 жасымнан бастап айналысамын.Қазір жасым 11-де. Осы спорт түріне келгеніме өкінбеймін. Алда жоспарларым көп. Бастысы мені қолдайтын ата-аналарым мен жаттықтырушыларым әрдайым жанымда.»


 Айта кетейік, шорт-тректен ел чемпионаты 4 күнге созылады. Үздіктер марапатсыз қалмайды.