Биылғы жылыту маусымында облыс бойынша 1100-ден астам әлеуметтік -мәдени нысан мен 1400 көпқабатты тұрғын үйге жылу беріледі. Ол нысандардың 1135-і Петропавл қаласында орналасқан. Бұл туралы өңірлк коммуникациялар қызметі алаңында айтылды.


 Биыл нысандарды жылыту үшін 494 қазандық іске қосылады. Оның 24 орталық қазандық жүйесі болса, 351-і автономды, қалған 119-ы жергілікті қазандық жүйелері. Ал облыс аудандарында 24 орталық қазандық іске қосылады. Олар 265 тұрғын үй мен 92 әлеуметтік нысанды жылумен қамтамасыз ететін болады. Биыл жылыту қазандықтарын қайта қалпына келтіріп, дайындауға бюджеттен 763 млн. теңге бөлінген. Айыртау, Мамлют, Ғ. Мүсірепов пен Тимирязев аудандарында әлі де жұмыстар жалғасып жатыр.


ВЛАДИСЛАВ ЛУКИН, ОБЛЫСТЫҚ ЭНЕРГЕТИКА ЖӘНЕ ТҰРҒЫН ҮЙ-КОММУНАЛДЫҚ ШАРУАШЫЛЫҒЫ БАСҚАРМАСЫ БАСШЫСЫНЫҢ М.А.:

- Әлеуметтік инфрақұрылым объектілерінің дайындығына қатысты айта кететін болсам, қазіргі уақытта 602 білім беру нысаны, 363 денсаулық сақтау, 166 мәдениет нысандары арнайы тексерістен өтті. Олар жылыту маусымына дайын.

793 қазандық жұмысына әлі мониторинг жүргізіп, бақылау керек. 134 қазандық қайта қалпына келтірілді. Бұл мақсатқа,514 млн. теңге бөлінді.


 Жылыту маусымы жақындаған сайын көмірге деген сұраныста артуда. Қазіргі уақытта қара отынға деген сұраныс 618 мың тоннаны құрайды. Облыс аумағында 32 көмір дайындау және сату пункті қызметін жүзеге асырады. Ол жерде қазір 33 мың тонна көмір бар. Қара отын бағасы маркасы мен жеткізу қашықтығына байланысты тоннасына 12 500 теңгеден 20 000 теңгеге дейінгі аралықты құрайды.


ВЛАДИСЛАВ ЛУКИН, ОБЛЫСТЫҚ ЭНЕРГЕТИКА ЖӘНЕ ТҰРҒЫН ҮЙ-КОММУНАЛДЫҚ ШАРУАШЫЛЫҒЫ БАСҚАРМАСЫ БАСШЫСЫНЫҢ М.А.:

- Петропавл қаласы бойынша орталық жылыту жүйесіне 185 әлеуметтік нысан қосылған. Оның 101-і білім беру нысаны., 22-сі денсаулық сақтау,25 әлеуметтік мәдени нысан және 15 спорт мекемелері. Қалада 1164 көппәтерлі үй бар. Оның 1135-і орталық жылыту жүйесіне қосылған. .Бүгінгі таңда 1128 үй жылу қабылдауға дайын.


Петропавлдағы ЖЭО-да да жылыту маусымына дайындық қарқынды жүргзілп жатыр. Мамандар, қыс мезгілінің алдында тұрғындарды қара отынмен ертерек қамдануға шақырады.