Облыс орталығында Қазақстан халқы тілдері күніне орай «Тіл шебері» атты облыстық байқау өтті. Жылда өтетін конкурсқа биыл колледж және университет студенттері қатысты. Жастар қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде бірқатар тапсырмаларды орындап, 3 тілді қандай деңгейде меңгергендерін көрсетті.


Гуманитарлық-техникалық колледжінің студенті Гауһар Құрбанова мұндай тіл байқауларына жиі қатысады. Болашақ вэб-дизайнер әсіресе ағылшын тілінде өз ойын еркін жеткізіп, қағаз бетіне де түсіре алады. Бойжеткеннің сөзіне қарағанда бүгінгі күні 3 тілді жетік меңгерген жастардың саны күннен-күнге артып келеді. Ал, мұндай конкурстар олардың қабілеттерін тек шыңдай түсуге үлкен мүмкіндік береді.


ГАУҺАР ҚҰРБАНОВА, БАЙҚАУҒА ҚАТЫСУШЫ:

-  Менің ойымша кез-келген тілді үйреніп, меңгеріп жүрген кезде сол тілде ән тыңдап, кітап оқып, фильмдер қарау керек. Осылайша түрлі сөздер мен сөйлемдер адамның есінде тез сақталады. Өзім қазақ тілін, орыс және ағылшын тілін жетік меңгердім деп толық айта аламын. Бұл байқауда жеңіске жетемін деген үміттемін.


 Байқауға қатысушылар 3 кезеннің сүрінбей өтулері тиіс. Мәселен, қазақ елінің тарихы мен ұлы тұлғалары, негізгі атаулы даталар, қазақ жері және оның аймақтары бойынша экранда көрсетілген тақырыптар аясында үш тілде жауап беру. Бір тілде айтылған ой екінші тілде қайталанбауы тиіс. Келесі экранда қазақ тілінде көрсетілген мақал-мәтелді оқып, орыс және ағылшын тілдеріндегі баламасын немесе аудармасын айту. Мақал-мәтелдің мағынасын қазақ тілінде ашу. Және соңғысы берілген ортақ тақырып бойынша мемлекеттік тілде эссе жазу сынды тапсырмаларды орындау керек.


НАЗИРА БИМАҚОВА, СҚО МӘДЕНИЕТ, ТІЛДЕРДІ ДАМЫТУ ЖӘНЕ АРХИВ ІСІ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАС МАМАНЫ:


Байқау қорытындысы бойынша жеңімпаздар алғыс хаттармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.


Майгүл Сейілбек