Петропавлда Үкіметтік емес ұйымдардың XI Азаматтық форумы өтті. Дәстүрлі шара мемлекеттік саясатты жүзеге асырудағы қоғамның үкіметтік емес секторы мен мемлекеттік органдармен қарым-қатынасын дамыту мақсатында ұйымдастырылды. Форумға облыстық ұйымдармен қатар, республикалық азаматтық альянстың өкілдері де қатысты.


 Азаматтық қоғам – саяси үкіметке тәуелсіз жұмыс істейтін және оған ықпал жасауға қабілетті әлеуметтік қатынастар мен институттар жиынтығы; дербес жеке адамдар мен әлеуметтік субъектілер қоғамдастығы. Азаматтық қоғам институтының дамуы үшін мемлекет бұл процесстің жасампаздық сипатта өрбуіне азаматтардың саяси белсенділік танытуына қажетті жағдайлар жасап қолдауда. Бұл тұрғыда Қазақстан Президентінің ел халқына жолдауындағы тапсырмасына сәйкес үкіметтік емес ұйымдарға қолдау көрсетудің 2025-ші жылға дейінгі мемлекеттік тұжырымдамасы жасалынды.


ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ, ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ:


 Өңірде СҚО-ның азаматтық альянсы 2005-ші жылы құрылған. Қазіргі таңда өңірде 500-ге жуық үкіметтік емес ұйым бар. Олардың 50-ден астамы ғана белсенді түрде жұмыс атқарып келеді. Басым бөлігі әлеуметтік мәселелерді шешуге көмектеседі. Ерекше қажеттілігі бар балалармен де жұмыс істейді. Сондай-ақ адамның құқығын қорғайды. Түрлі тақырыпта семинарлар өткізеді. Бүгінде облыстық азаматтық альянс аудандарда да үкіметтік емес ұйымдарды дамыту бағытында біраз жұмыс атқарып жатыр.


ОЛЖАС ЫДЫРЫСОВ, ОБЛЫС ӘКІМІ АППАРАТЫНЫҢ БАСШЫСЫ:

-  Бүгінде облыс бойынша түрлі бағыт-бағдарда жұмыс істейтін 466 ҮЕҰ бар. Мемелкеттік әлеуметтік тапсырысты қаржыландыру жылдан жылға арттырыпк елеміз. Мәселен, 2022-ші жылы СҚО бойынша 228 млн теңге құрайтын 94 жоба қолға алынса, биыл 23-ші жылы 303 млн теңгеге 97 жоба іске асыру жоспарлануда. Қазіргі таңда үкіметтік емес сектор элеуметтік сипаттағы мәселелерді қаарйтын кеңестерге белсенді қатысып жүр.


 Азаматтық форумға қатысқан ұйымдар, диалог алаңында өз жұмыстары жайында айтып беріп, әріптестерін жүзеге асырған жобаларымен таныстырды.


РҮСТЕМ АРМАНОВ, «БОЛАШАҚ ҚАЗАҚСТАНҒА» ҚСБ ТӨРАҒАСЫ:

-  «Қазақстанның болашағы» бірлестігі пікір сайыс технологиясына майдаланып жастармен жмұыс істеп жатыр, 5 мыңға жуық пікірлубтарын аштық. Әртүрлі технологияларды құрастырып жатырмыз. Нашақорлыққа қарсы телеграмбот жасап шығармашымыз.


Форум барысында қатысушылар бірнеше тақырыптық диалог алаңына қатыса алды. Біреуінде азаматтық қоғамның мемлекетпен әрекет етудің жаңа амалдары талқыланса, екіншісінде ауылды жерлерде үкіметтік емес ұйымдарды дамыту мәселесі қарастырылды. Соңғысы біздің өңір үшін аса өзекті дейді ұйымдастырушылар.


Майгүл Сейілбек