Халық жадының жазбаша жауһары – Солтүстік Қазақстан мемлекеттік архиві өзінің 100 жылдық мерейтойын атап өтті. Жастар сарайында өткен салтанатты жиында Ресей, Қырғызстан, Өзбекстан сында көршілес мемлекеттердің өкілдері мен еліміздің әр өңірінен келген архив саласының қызметкерлері бас қосты. Шара барысында бірқатар маман түрлі марапатқа ие болды.


Солтүстік Қазақстан мемлекеттік архивінің қорында бүгінгі күні 4 ғасырға жуық уақыттың тарихы баяндалған 2 млнға жуық құжат сақталған. Басым бөлігі Солтүстік және Ақмола облыстарының құрылуы, дамуымен тығыз байланысты. Өңірімізде туған Мағжан, Сәбит, Сафуан сынды ұлы тұлғалардың өмірі мен шығармашылығынан сыр шертетін жазбаша жауһарлар да баршылық. Мұнымен қоса мекеме қызметкерлері «Мәдени мұра», «Архив-2025» жобасын іске асыру мақсатында әлемнің алыс және жақын шет елдерінен архив деректерін жинақтау істерін жаңа деңгейде іске асырып, көршілес мемлекеттермен тығыз қарым-қатынас орнатқан.


СӘУЛЕ МӘЛІКОВА, СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК АРХИВІНІҢ ДИРЕКТОРЫ:

-  Шетелдің әріптестеріміз өздерінің құттықтауларын жолдап отыр.Польша, Түркия ғалымдары біздің ғалымдармен тығыз қарым-қатынас орнатқан. СОнымен қатар Омскідена рнайы келіп отыр. Ол жай келген жоқ бізге құжаттар келгенін айтты.


 100 жылдың ішінде архив саласы бірнеше рет өзгерістерге ұшырады. Бүгінгі таңда облыстық архив жүйесінің құрамында архивтер және құжаттамалар бөлімі, мемлекеттік архив, қалалық және 13 аудандық архив бар. Облыстық архивте 800 мыңға жуық құжат сақталған. Бұл Ұлттық архив қорының құжаттары.


СӘБИТ ШІЛДЕБАЙ, ҚР ОРТАЛЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК АРХИВІНІҢ ДИРЕКТОРЫ:

-  Кез-келген елдің тарихы осы архив құжаттарының негізінде жазылады. Ал тарихсыз ел болмайды, тарихсыз идеология болмайды. Сондықтан мына тарих жазылатын архив құждаттарының жай-күйі, болашаққа ұрпаққа оның жеткізілуі аса маңызды. Солс ебепті бүгінгі күні мемлекет тарапнына үклен өкңіл бөлінуде.


 Жалпы, бүгінгі күні СҚ мемлекеттік архиві өзге өңірлердегі архивтермен тығыз қарым-қатынас орнатып, аймақтың ғана емес күллі Қазақстанның тарихын зерттеп, құңды құжаттарды жинастырып, сақтауда.


ЖАНГЕЛДІ БИМОЛДИН, АСТАНА ҚАЛАСЫ АРХИВІ ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

-  СҚО мен Ақмола жалпы өңіріінң оның ішінде Астана қаласының арасындағы абйланыс бұл сонау 19-шы ғасырдан бастау алады. Өйткені сол кезде Губернияның орталығы осы Петропавл болған. Солк ездегі құжжатр осы архивта сақталған. Бұл үлкен байланыс.


 Бұл күні архив ісінің дамуына қосқан үлесі, кәсібилігі мен жеке қасиеттері үшін бірқатар ведомство қызметкері мен сала ардагерлері медальдармен төс белгілер тағынып, түрлі алғыс хаттармен марапатталды. Жалпы бүгінгі күні архив қорында 2 млн-ға жуық құнды материал болса соның 4,5 пайызы электрондық форматқа көшірілген.


Майгүл Сейілбек