Мағжан Жұмабаев ауданындағы Томанское ауылында тұратын фермер Михайл Черныш қой мен жылқы бағып, ауыл тұрғындарын жұмыспен қамтып отыр . 2019 құрылған шаруа қожалығында қазіргі таңда 120 ға жуық қой мен 30 жылқы бар.
Бұл Мағжан Жұмабаев ауданы Томанское ауылының тұрғыны Михайл Черныш. Ол өз кәсібін осыдан 4 жыл бұрын «Сыбаға» бағдарламасы арқылы субсидия алып бастаған екен. Қазір оның қорасында 120 ға жуық қой мен 30 жылқы бар. Айтуынша, қолдағы түлігін қар түсіп жер қатқанша оты мол жайылымда бағады, қысқа қажет жем-шөбін ала жаздай өзі дайындайды екен.
МИХАИЛ ЧЕРНЫШ, ЖЕКЕ КӘСІПКЕР:
- «Менің шаруа қожалығымда қазіргі таңда 4 жұмысшы бар. Олармен бірге төрт түлік малдың азығын дайындаймыз, қолда керекті арнайы техникамыз да бар. »
Михаил Черныш сонымен қатар ағаш дайындаумен де айналысады. Ол ауыл тұрғындарын толықтай отынмен қамтамасыз етеді. Оған бұл істе отбасы мүшелері қолдау көрсетеді.
НАТАЛЬЯ ЧЕРНЫШ, ЖҰБАЙЫ:
- «Біздің 5 баламыз бар, көпбалалы отбасы қатарына жатамыз. Мен Михайлдың барлық ісіне қолдау көрсетуге тырысамын. Барлық істі біре істейміз, балаларымыз да шет қалып жатқан жоқ, олар әкесімен бірге қой бағып келеді, олардың жем-шөбін дайындауға да көмектеседі.»
Алдағы уақытта , кәсіпкер өз шаруа қожалығын дамытқысы келеді. Ол үшін Михайл «Ауыл аманат» бағдарламасына өтінімін берген.