Ұлы ақын М.Жұмабаевтың 130 жылдық мерейтойына орай өңірде «Тұранның тұғырлы тұлғасы» атты халықаралық ақындар айтысы өтті. «Аманат» партиясының «Ұлттық мұра» жобасы аясында ұйымдастырылған айтысқа Қазақстан, Моңғолия,Қырғызстан мен Қытай және көршілес жатқан Өзбекстан елінен келген 16 айтыскер қатысты. Екі күнге созылған аламан доданың қорытындысы бойынша бас жүлдені Алматылық ақын Шұғайып Сезімхан қанжығасына байлады.


 Ұлы ақын М.Жұмабаевтың 130 жылдық мерейтойына орай ұйымдастырылған бұл айтысқа келген Қызылжарлықтардың қарасы қалың болды. Айтыскер ақындардың өнерін өз денсаулығына қарамастан Петропавлға келген Жүрсін Ерман бастаған Ғалым Жайлыбай, Дәулеткерей Кәпұлы мен Ринат Заитов сынды белгілі тұлғалар бағалады. Аламан дода басталмас бұрын от ауызды, орақ тілді суырып салма айтыс өнерінің шеберлерін облыс әкімі құттықтап, оларға сәттілік тіледі.


АЙДАРБЕК САПАРОВ, СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ:

 - Ұлы ақын, жерлесіміз М.Жұмабаевтың 130 жылдығына арналған халықаралық ақындар айтысына қош келдіңіздер. Жылдың басынан біз «Мағжан жылы» деп жарияладық. Көп іс-шаралар Мағжанның 130 жылдығына арналған өткізіліп жатыр. Бүгінгі ақындарға тілейтінім ақ жол. Мықтылар жеңсін дейміз.


Құттықтау сөзінен кейін облыс әкімі А.Сапаров Қызылжарға ат терлетіп келген, ұлттық өнердің жанашыры Ж.Ерманға рахмет айып, құрмет белгісі ретінде иығына шапан жапты.


 «Тұранның тұғырлы тұлғасы» атты халықаралық ақындар айтысы ««AMANAT»» партиясының «Ұлттық мұра» жобасы аясында ұйымдастырылған. Аламан додада Қазақстан, Моңғолия,Қырғызстан мен Қытай және Өзбекстан елінен келген 16 айтыскер ақын бақ сынасты. Айтыстың шымылдығын Қостанайлық ақын Айбек Қалиев пен жерлесіміз Жарқын Жұпархан ашты.


 Айтыстың ақтаңгері атанған Айбек Қалиев Қызылжар өңірінің киелілігі мен талай кіл мықтының кіндік қаны тамған жері екенін жырына арқау етті.Сахнада қара домбыраны қолға алып, бір-бірін әзіл-қалжынмен қағыта отырып, халықтың мұң-мұқтажын айтқан ақындар халықтың қошеметіне бөленді.


 АЙБЕК ҚАЛИЕВ, АЙТЫСКЕР АҚЫН:

- Халықтың ықыласы зор айтысқа деген. Мен баяғы студент кезімнен, 90 жылдардан бері осы Қызылжарға айтысқа келіп жүрмін. Қызылжарда айтыс болса қалып жүрген жоқпын. Халықтың ықыласын баяғыдан білемін. Кейбір жақтарда жергілікті ақындарға қарай бұрылып кету болады. Бұл жолы ешбір ақынды алалап жатқан жоқ.


 Асыл сөздің жілігін шағып, майын тамызатын суырып салма ақындар арасында ұйымдастырылған мұндай үлкен додада Қырғысзтандық Нұрсұлтан Малдыбаевта бақ сынасты.Айтыс өнерінде жүргеніне тек 5 жыл болғанына қарамастан, ол 0көптеген халықаралық айтыстардың жүлдегері. Оның жұбы Алматылық ақын Шұғайып Сезімхан болды.Қырғысзтандық айтыскердің киелі Қызылжар өңіріне екінші рет келуі екен.


НҰРСҰЛТАН МАЛДЫБАЕВ, АЙТЫСКЕР АҚЫН, ҚЫРҒЫЗСТАН:

-  Біз қазақ ақындарымен Қырғысзтанда да бірнеше рет айтысқанбыз. Екі елдеде айтыс дегенмен біраз айырмашылық бар. Қазақта айтыс бірақ өзгешерек келеді. Бетке басып айтады қазақтың ақындары. Ал біздің халық сыйласып тұрғанды жақсы қабылдайды. Әлі күнге дейін қызылжар Петропавл екен., алмаспапты. Бұл жақтағы 70 пайыз көшелердің барлығы орысша екен. Осыны біз Қырғысз елінің атынан өтініш қылып айтсақ па екен деп жатырмыз. Өйткені, Мағжанның елі деген соң, Мағжанның елі қазақша болуы керек қой.


Халықаралық айтыстың ақтық кезеңі ұлы Мағжанның елі Сарытомарда өтті.16 айтыскердің арасынан үздік деген 8 ақын суырылып шығып, бақ сынасты.


Екі күнге созылған аламан доданың қорытындысы бойынша бас жүлде – «темір тұлпар» Алматылық ақын Шұғайып Сезімханға бұйырды. 1 500 000 теңге сыйлық пен бірінші орынды үш мәрте «Алтын домбыра» иегері атанған Қызылордалық Мұхтар Ниязов жеңіп алды.Екінші орын мен 1 млн теңге көлеміндегі сыйлық Астаналық Еркебұлан Қайназаров пен Абай облысынан келген Рүстем Қайыртайға бұйырды. Ал Қостанайдың намысын қорғап келген Айбек Қалиев пен Қарағандылық Мақсат Ақанов 3ші орынға ие болып, 750 тың теңгелік жүлдеге ие болды.


ШҰҒАЙЫП СЕЗІМХАН, АЙТЫСКЕР АҚЫН:


 Сондай-ақ, көршілес мемлекеттен келген Нұрсұлан Малдыбаев пен алтайдың ар жағынан келген ару Жүрсінгүл Мұратқызы да құр қол кеткен жоқ. Екі айтыскер ақынға 400 мың теңгелік арнайы екі жүлде табыс етілді.