4 маусым елімізде Мемлекеттік рәміздер күні атап өтіледі. Тәуелсіз еліміздің мерейлі мерекесі 1992 жылы бекітілген. Ту, елтаңба мен әнұран – егемендік пен біртұтастықты бейнелейтін, елдің ажырамас атрибуттарының бірі. Биыл мемлекеттік рәміздер күні 31 рет атап өтілмек.


Ортасында шұғылалы күн және қалықтап ұшқан қыран бейнеленген көк Ту – суретші Шәкен Ниязбековтің туындысы. Ал Елтаңба – сәулетшілер Жандарбек Мәлібеков пен Шотаман Уәлихановтың еңбегі. Мәтінін Жұмакен Нәжімеденов пен Нұрсұлтан Назарбаев, ал әнін Шәмші Қалдаяқов жазған.


КИРИЛЛ ФИЛОНОВ, ҚАЗАҚСТАН ЖУРНАЛИСТЕР ОДАҒЫНЫҢ МҮШЕСІ:

-  Мемлекеттік рәміздер тәуелсіздіктің ажырамас бөлігі. Ту, елтаңба, әнұран - үлкен шығармашылық еңбектің жемісі. Әр елдің тек өзіне ғана тән құнды белгілері болады. Біздің рәміздеріміз де қазақ елінің егемендігінен сыр шертетін байлығы. Шет елдіктер рәміздерімізді көргенде ұлттық құндықлығымыз бен мәдениетімізге тәнті болады.