Петропавлдағы Былғары зауыт ықшам ауданында балалар мерекесіне орай ойын алаңы пайдалануға берілді. Бұл күнді балақайлар тағатсыздана күткен еді. Алдағы уақытта қала аумағында балалардың 20 алаңы және 30 спорттық кешен салынатын болады.


Былғары зауыты ықшам ауданының балалары мерекеге көптеп жиылды. Аниматорлар балғындардың көңілін көтеріп, сайыстар өткізді. Мұнда бұдан өзге аялдамалар қайтадан қалыпқа келтіріліп, әйнектері жаңартылған.


ЭЛЬМИРА СӘДУАҚАСОВА, ПЕТРОПАВЛ ҚАЛАСЫ ӘКІМІНІҢ БАСПАСӨЗ ХАТШЫСЫ:

- Жалпы «Былғары» кентінде жолдарды жөндеу жоспарда бар. Бұдан өзге республикалық «Халыққа қатысатын бюджет» деген бағдарлама бар. Соның аясында қала бойынша 8 аулаға балалар алаңқайы ашылатын болады. Қазіргі таңда конкурстық кезеңдердің соңғы кезеңдері жүріп жатыр.


 Іс-шарада қалалық мәдениет үйінің өнерпаздары концерттік бағдарлама ұсынды. Балғындар балалық шақ туралы сурет сайысына қатысты. Шағын аттракциондарда ауданның жас тұрғындары мерекелік күнді көңілді өткізді. Жаңа алаңның ашылуына балалалар мен қатар, ата-аналар да дән риза.


-Жалпы бізге барлығы ұнады. Шағын ауданда баланы ойнататын орын өте аз.. Жаңа алаң балаларға да керемет ұнап жатыр.


- Мерекелік көңіл күй керемет. Балалардың барлығы қуанып жатыр. Оған қоса, алаңқайдың ашылғанына ризамыз.


- Маған сурет салған ұнайды. Мектепте бояумен және қарындашпен сурет саламын. Сондықтан осы сурет байқауына қатысып жатырмын. Мереке ұнады.


 Мерекеде балалар ән салу байқауына да қатысты. Аудан тұрғындары аниматормен суретке түсті. Айта кету керек, Былғары зауыты ықшам ауданында алдағы уақытта кезең-кезеңімен жолдар жөнделетін болатын.


Жайна Шерниязова