1920-1950 жылдары солақай саясаттың кесірінен Қазақстанда 103 мыңнан астам адам сотталып, оның 25 мыңнан астамы ату жазасына кесілді. Олардың арасында ғалымдар, қоғам қайраткерлері, түрлі сала мамандары бар.


Болат Сағындықовтың әкесі де қудалауға ұшырап, ату жазасына кесілген. Болат Мағазұлы ол кезде небәрі бір жаста болған екен. Кейін ақсақал өңірде «Память» қоғамдық қорын құрды. Ол кісінің бастамасымен саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алуға арналған мемориалды кешен салынған. Қазір ескерткіш тақтаға 8 мыңға жуық адамның есімі жазылған. Ол тізімде тек жерлестеріміз ғана емес Ресейдің Қорған, Түмен, Омбы өңірлері азаматтарының есімдері бар.


БОЛАТ САҒЫНДЫҚОВ, «ПАМЯТЬ» ҚОҒАМДЫҚ ҚОРЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:

- Памятник орнаттық. Департацияға арналған. Екіншісі аштыққа арналған. Сосын алдыңғы жылы Арал өңіріне сотсыз-тергеусіз айдалғандар бар халық жауы ретінде. Солардың ұрпақтарымен тағы бір тақырып қозғаған едім. Солай тағы бір ескерткіш салдық. 5 ескерткіш бар. Республикада басқа облыста ондай жоқ.