«АМАНАТ» партиясының облыстық филилалы жанынан құрылған бақылау комиссиясы өңірдегі 47 нысандағы құрылыс барысын былтырдан бақылауға алған. Оның 21-і әлі пайдалануға берілген жоқ. Бұл нысандардың 3-еуі Петропавлда салынып жатқан жатақхана құрылысы. Комиссия мүшелері қызмет көрсету саласы колледжінің студенттеріне арналған жатақханаға барып, жұмысты көрді. Нысан биыл қыркүйек айында қолданысқа берілуі керек.
Қызмет көрсету саласы колледжі студенттеріне арналған 244 орынға шақталған жатақхананың құрылысы 2020сы жылдың мамыр айында басталған. Құрылысқа «Тоир» ЖШС жауапты болған. Алайда, құрылыс компаниясы өз жұмысын дұрыс орындай алмағандықтан, 2021 жылдың қаңтар айында келісім шарт күшін жойды. «Тоир» ЖШС құрылыстың тек 10 пайызын орындаған.
ҚАНАТ КҮЖІМБАЕВ , СҚО ҚҰРЫЛЫС, СӘУЛЕТ ЖӘНЕ ҚАЛА ҚҰРЫЛЫСЫ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БӨЛІМ ЖЕТЕКШІСІ:
- «Тоир»ЖШС жұмысын орындамады. Және жұмысшылары да жетіспеді. Сол себепті де олармен келісім бұзылып, соттастық. 2021 жылы пандемияға байланысты жобаның сметалық құжаттамасына өзгеріс енгізілді. Қазір бұл нысанға «Пилон» ЖШС жауапты
9 қабатты ғимарат бүгінде 70 %-ға дайын. Қазіргі таңда нысанда ішкі әрлеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Жатақхананың құрылысына жергілікті қазынадан 800 млннан астам теңге бөлінген. Мердігер компания «Пилон» ЖШС-і қаржының бір бөлігін игерді. Бұдан бөлек, құрылыс компаниясы ғимараттың қасбетін Петропавлда бұған дейін колданылмаған фибропанель материалымен қаптамақ.
ОКСАНА ГРИБАНОВА, «ПИЛОН» ЖШС ДИРЕКТОРЫ:
- Біз 2022 жылдың мамыр айында жұмысқа кірістік. Нысанды 31 тамыз күні тапсыруымыз керек. Үлгереміз. Себебі, барлық құрылыс материалдары жеткілікті, жұмыс кестеге сай жүргізіліп жатыр. Қазір құрылыс алаңында 50ден астам жұмысшы бар.
Өткен жылдан бері партия мүшелері облыста 47 нысанды бақылауға алған. Оның 21-і әлі пайдалануға берілген жоқ.3еуі облыс орталығында салынып жатқан оқу орындарына арналған жатақхана.
АЛЕКСАНДР ЗЕЛЬ, «АМАНАТ» ПАРТИЯСЫ СҚОФ ПАРТИЯЛЫҚ БАҚЫЛАУ КОМИССИЯСЫ БАҚЫЛАУ ТОБЫНЫҢ МҮШЕСІ:
– Бүгінде жұмыстың қызу жүріп жатқанын көріп отырмыз. Барлық материал қол жетімді ЕКЕН. Жұмысшылар да жеткілікті. Осыдан 10 күн бұрын біз Петрпавлдағы олимпиадалық резерв мектеп интернат-колледжіне арналған 244 орындық жатақханаға барып едік. 44 жұмысшы болуы керек құрылыс алаңында , тек 18 адам жүр. Бұл құрылыс барысын баяулатады, уақыт созып жүргенде құрылыс материалдары да қымбаттап кетеді. Құрылысқа жауапты компания басшысына ескерттік. Әлі де бақылауда ұстаймыз.
Петропавлда салынып жатқан 3 нысан қолданысқа берілгенше партия белсенділерінің қатаң бақылауында болады.