«Жоғары лига – 2026» өңірлік олимпиадасы
Білім бәсекесі – оқушының ізденісін шыңдап, қабілетін танытатын орта. Осы бағытта Солтүстік Қазақстан облысында «Жоғары лига – 2026» өңірлік олимпиадасы өтті. Биылғы білім додасына өңірдегі 26 инновациялық мектептен 300-ден астам оқушы қатысты. Олар математика, физика, химия, биология және география пәндері бойынша өз білімдерін сынады. Олимпиада жаратылыстану-математикалық бағытқа қызығатын дарынды жастарды анықтауға бағытталған.
Олимпиада биыл алтыншы рет ұйымдастырылып отыр. Доданың басты ерекшелігі – тек өңірдегі мамандандырылған білім беру ұйымдарының оқушылары арасында өтуі. Әр мектептің құрамына 9, 10 және 11-сынып оқушылары кіреді. Бес пәннің әрқайсысы бойынша әр сыныптан мектепішілік кезеңде үздік нәтиже көрсеткен бір оқушы таңдалады. Осылайша, бір мектептен олимпиадаға 15 оқушыға дейін қатыса алады.
СНХР: БАХЫТ ҒАБДУЛЛИНА, «ҚЫЗЫЛЖАР ДАРЫНЫ» ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ
323 оқушы қатысқан білім бәйгесінде бәсекелестік те жоғары болды. Әр қатысушы өз пәнінен үздік нәтиже көрсетуге тырысты. Ал уақыттың тығыздығы мен тапсырмалардың күрделілігі оқушылардан бар білімін жұмылдыруды талап етті. Олардың дайындық барысы мен олимпиададан алған әсерін өздерінен сұрап білдік.
СНХР: АМИРА АСҚАРБЕКОВА, ОҚУШЫ
СНХР: ЕРАСЫЛ ТЕМІРҒАЛИ, ОҚУШЫ
Білім додасы оқушылардың пәндік білімін тереңдетіп, логикалық ойлау қабілетін дамытуға және жаратылыстану ғылымдарына қызығушылықты арттыруға бағытталған. Сондай-ақ, үздік нәтиже көрсеткен оқушылар дипломдармен марапатталып, облыстық кезеңге жолдама алады.