Негізгі Жаңалықтар Экологиялық мәдениет балалық шақтан қалыптасады

Экологиялық мәдениет балалық шақтан қалыптасады

Қазақстан мектептерінде экологиялық мәдениетті қалыптастыруға ерекше көңіл бөлінуде. Соның бір бағыты – оқушыларға қоқысты сұрыптауды үйретіп, табиғатқа жауапкершілікпен қарау дағдысын қалыптастыру. Бұл бағыттағы жұмыстар «Adal azamat» бірыңғай тәрбие бағдарламасы аясында да жүзеге асырылуда. Осындай бастама №5 мектепте де қолға алынды.

Бұл бастама «Taza Kazakhstan» идеясын жүзеге асыру аясында қолға алынған. Мектепте қоқысты бөлек жинауға арналған арнайы контейнерлер орнатылып, оқушыларға қалдықтарды дұрыс сұрыптау тәртібі түсіндірілуде.

КҮЛІМКӨЗ СМАЙЫЛОВА, №5 ОРТА МЕКТЕПТІҢ ДИРЕКТОРЫ

Мектеп оқушыларына қоқысты дұрыс сұрыптау тәртібі интерактивті форматта түсіндірілді. Арнайы ұйымдастырылған сабақтарда балалар пластик, қағаз және шыны секілді қалдықтарды ажыратып, оларды тиісті контейнерлерге орналастыруды үйренді.

ЯСМИНА БАЛКАТОВА, ОҚУШЫ

Мұндай бастама балалардың қоқысты дұрыс сұрыптап, табиғатты таза ұстауына үйретеді. Ал алған білімдерін олар күнделікті өмірде де қолдана алады.

Бөлісу