Буллингтің алдын алу: СҚО-да 44 білім беру ұйымы жасанды интеллект жүйесіне қосылған
СҚО Білім басқармасының мәліметінше, білім беру ұйымдарында қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында заманауи технологиялар кеңінен қолданылып келеді. Қазіргі уақытта жасанды интеллект жүйелері өңірдегі 44 білім беру ұйымына енгізілген. Солардың бірі — Есіл ауданындағы Аяған Шәжімбаев атындағы № 3 орта мектеп. Былтыр еліміздің 100 үздік мектебі қатарына енген білім ордасында балалардың қауіпсіздігі бірінші орынға қойылған.
СНХР: АЙДАР СҰРАҒАНОВ, Аяған Шәжімбаев атындағы № 3 орта мектеп директоры
Мамандардың айтуынша, өңірдегі білім беру нысандарының барлығы бейнебақылау жүйесімен 100% қамтылған. Қазіргі таңда облыс бойынша 15 667 бейнебақылау камерасы білім беру мекемелеріне орнатылған. Оның 5,5 мыңы сыртқы бақылауға, 10, 1 мыңы ғимарат ішіндегі бақылауға арналған. Орнатылған камералардың 10,5 мыңы цифрлық, қалғаны аналогтық жүйеге жатады.