Жылу жүйесіндегі жауапты мамандық
Қыркүйектің соңғы жексенбісінде Қазақстанда Еңбек күні атап өтіледі. Бұл – күн сайын тұтас салалардың тұрақты жұмысын қамтамасыз етіп жүрген еңбек адамдарына арналған мереке. Петропавл 2-ЖЭО станциясында осындай маңызды жұмысшы мамандықтардың бірі – қазандық машинисі. Арман Кеншібаев осы салада 11 жылдан бері еңбек етеді. Ол қондырғылардың тұрақты жұмыс істеуі маманның мұқияттылығы мен жауапкершілігіне тікелей байланысты екенін жақсы біледі.
Арман Кеншібаев – Петропавл 2-ЖЭО қазандық цехының қазандық машинисі. Станцияда 11 жылдан бері жұмыс істейді. Негізгі міндеті – қазан агрегатының жұмыс режимін бақылау және жабдықтардың жұмысын қадағалау. Мұнда қазандық қондырғысы қатты отынды жағу арқылы бу өндіріледі.
СНХР: АРМАН КЕНШІНБАЕВ – ПЕТРОПАВЛ 2-ЖЭО ҚАЗАНДЫҚ ЦЕХЫНЫҢ ҚАЗАНДЫҚ МАШИНИСІ
Әр ауысым жабдықтарды аралап тексеруден және кезекшілікті журнал бойынша қабылдаудан басталады. Одан кейін көрсеткіштер бақыланып, белгіленген жұмыс кестесі орындалады. Машинист технологиялық режимдердің сақталуын қадағалап, қажет болған жағдайда қосымша қосалқы агрегаттарды іске қосады. Мұнда аспаптардың көрсеткішінен бастап жабдықтардың жұмысына дейін әрбір деталь маңызды.
СНХР: АРМАН КЕНШІНБАЕВ – ПЕТРОПАВЛ 2-ЖЭО ҚАЗАНДЫҚ ЦЕХЫНЫҢ ҚАЗАНДЫҚ МАШИНИСІ
Петропавл ЖЭО-2 станциясында бүгінде 795 адам еңбек етеді. Ал «Севказэнерго» АҚ компаниялар тобы бойынша 1 800-ден астам қызметкер бар. Олар күн сайын өңірдің энергетикалық жүйесінің тұрақты жұмысын қамтамасыз етеді.