Негізгі Жаңалықтар Волонтерлердің қатысуымен профилактикалық іс-шара өтті

Волонтерлердің қатысуымен профилактикалық іс-шара өтті

Петропавлда №4 учаскелік Полиция пунктінің аумағында волонтерлердің қатысуымен кешенді профилактикалық іс-шара өтті. Бұл аумақта шамамен 17 мың адам тұрады.

Полицейлер профилактикалық есепте тұрған 50-ден астам адамды тексерді. Оларға қатысты ерекше талаптар белгіленген екі тұрғынның алкогольдік масаң күйде жүргені анықталды. Сонымен қатар тәртіп сақшылары рейд барысында қоғамдық орындарда мас күйіндегі төрт қала тұрғынын анықтады.

СНХР: Айдын Ахмагамбетов — Петропавл қаласы Полиция басқармасы бастығының орынбасары 

Профилактикаға ерекше назар аударылды. Полицияның қоғамдық көмекшілері тұрғындарға интернет-алаяқтықтан сақтану жөніндегі жадынамалар таратты. Сондай-ақ, 12 тұрғын eGov Mobile арқылы несие рәсімдеуден ерікті түрде бас тарту қызметін қосты. Бұл киберқылмыскерлерден қорғанудың бір тәсілі. «Әділет» партиясының волонтерлері 14 есірткі жарнамасын тауып, бояумен өшірді.

СНХР: Айдын Ахмагамбетов — Петропавл қаласы Полиция басқармасы бастығының орынбасары Полиция қызметкерлері тұрғындарға визиткалар таратып, үйлерге учаскелік инспекторлардың байланыс деректері жазылған ақпараттық парақшаларды ілді. Бұл бастама азаматтардың өз учаскелік инспекторын жақын танып, қажет кезінде жедел көмек сұрауына мүмкіндік береді. Өз кезегінде, полиция тұрғындармен тығыз байланыс орнату арқылы құқық бұзушылықтардың алдын алып, туындаған мәселелерді дер кезінде анықтай алады.

Бөлісу