«Auyl sport-2026»: үлкен спортқа бастар жол
Әлемдік бәсекелерде көк байрағымызды желбіретер болашақ чемпиондар қарапайым ауыл алаңқайларынан шығады. Елімізде 15 мыңға жуық ауыл баласының спортқа деген ынтасын арттырып, салауатты өмір салтын серік етуге мүмкіндік берген «AUYL SPORT» жобасы республика көлемінде өз жемісін беріп келеді. СҚО -да аталған жоба аясында турнир басталды.
Бұл ауқымды бастама ауыл жасөспірімдерін бұқаралық спортқа баулуды көздейді. Бағдарлама аясында бокс, еркін күрес, футбол, волейбол, баскетбол, шахмат, каратэ және үстел теннисі сияқты сұранысқа ие 8 спорт түрі қамтылған. Бұл — 8 бен 14 жас аралығындағы өрендердің үлкен спортқа қадам басуына жасалған берік негіз.
СНХ: ҚАРЛЫҒАШ РАМАЗАНОВА — ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ ЖӘНЕ СПОРТ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ЖЕТЕКШІСІ
Бүгінде облыс орталығында өтіп жатқан дүбірлі жарысқа аудандардан келген жас спортшылар үлкен дайындықпен қатысып жатыр. Әрбір жас өрен өз ауданының намысын биік ұстап, жеңіс тұғырынан көрінуді мақсат етеді. Солардың бірі — Есіл ауданының намысын қорғауға келген волейболшылар құрамасы.
СНХ: ЖАНЕРКЕ ЖАЙЫҚҚЫЗЫ — ЖАРЫСҚА ҚАТЫСУШЫ, ЕСІЛ АУДАНЫ
Жарыс алаңында баскетболшылар да тартысты ойын өрнегін көрсетіп, ептіліктері мен шеберліктерін паш етуде. Командалар арасындағы бәсекелестік жоғары болғанымен, жас спортшылар алаңда адал ойын көрсетіп, бір-біріне қолдау білдіруде.
Осындай жүйелі түрде өтетін жарыстар мен қолдаудың арқасында бүгінде өңірімізде 200 мыңнан астам адам тұрақты түрде дене шынықтыру және спортпен шұғылданады. Олар үшін 2000-нан астам спорт нысаны есігін айқара ашқан. «AUYL SPORT» сияқты жобалар — тек жарыс қана емес, ауыл балаларының үлкен спорттағы армандарына жол ашатын берік көпір.