Негізгі Жаңалықтар СҚО-да ауыз суды заңсыз субсидиялау деректері анықталды

СҚО-да ауыз суды заңсыз субсидиялау деректері анықталды

Петропавлда Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаменті өкілдерінің қатысуымен брифинг өтті. Жиында ауыз сумен жабдықтауды субсидиялау кезіндегі бұзушылықтардың алдын алу және анықтау тетіктерін жетілдіру мәселесі талқыланды. Толығырақ тілші материалында.

Ауыз суға бөлінетін мемлекеттік субсидияны заңсыз алуға қатысты өңірде 2021 жылдан бері 8 қылмыстық құқықбұзушылық тіркелген. Тергеу барысында мұндай жағдайларға су көлемін есепке алу жүйесіндегі олқылықтардың да әсер еткені анықталған. Өйткені жеткізушілер ұсынған мәліметтерді басқа деректермен жедел салыстыру тетігі болмаған. Заңсыз субсидия алу фактілері Аққайың, Есіл, Шал ақын, Тимирязев, Тайынша және Мамлют аудандарында анықталған. Тергеу материалдары бойынша мемлекетке келтірілген шығын көлемі 460 миллион теңгеден асады. Қазір бұл бағыттағы қылмыстық істер бойынша тергеу жұмыстары жалғасып жатыр.

СНХР: ДИАС ҚАБЕШ, СҚО БОЙЫНША ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТЕРГЕП-ТЕКСЕРУ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ ТЕРГЕУШІСІ

Бөлісу