Негізгі Жаңалықтар «Кітап оқитын ұлт» республикалық марафоны

«Кітап оқитын ұлт» республикалық марафоны

Қазақстанда кітап оқуды насихаттауға бағытталған «Кітап оқитын ұлт» республикалық марафоны жалғасуда. Алты айға жоспарланған жобаға еліміздің барлық өңірінен оқырмандар қатысып, арнайы іріктелген шығармаларды оқиды. Мақсат – кітап оқу мәдениетін қалыптастырып, білімге және әдебиетке қызығушылықты арттыру.

Марафон жеті бағыт бойынша ұйымдастырылған: мектеп оқушылары, колледж және университет студенттері, педагогтер, отбасылар, мемлекеттік қызметшілер мен зияткерлер бақ сынайды. Әр қатысушы өз бағыты бойынша ұсынылған әдебиеттер тізімінен 15 кітап оқуы керек. Олардың қатарында отандық авторлардың шығармалары, әлем классикасы және заманауи әдеби туындылар бар. Негізгі оқу кезеңі қыркүйектен 2027 жылғы наурызға дейін жалғасады. Осы уақыт ішінде қатысушылар оқыған кітаптары туралы пікірлерін жеке кабинеттерінде жариялап отырады. Ал наурыз-сәуір айларында қорытынды тестілеу мен зияткерлік сайыстар өткізіліп, үздіктер анықталады.

ЖАҚСЫБАЙ САМРАТ, ЖАЗУШЫ-ЖУРНАЛИСТ

Бөлісу